Bugin

Шымкентте қоғамдық көліктер саны 25 пайызға қысқарды

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, қоғамдық көліктер жалпы санынан 25 пайызға қысқартылды, яғни күніне 1023 кесте санынан 760 кестеге дейін азайды. Жұмыс уақыты таңғы 06:00-21:00-ге дейін қысқартылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде бетперделермен (маска) жүру режимі ендірілген болатын.

Аталған басқарма қоғамдық көлікте және аялдамаларда адамдар арасында қауіпсіз қашықтықты сақтауды және жеке қорғау құралдарымен жүру қажеттілігін қатаң ескертеді.