Денсаулық

Адам иммунитеті ғана коронавирусты жеңе алады

COVID-19

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мельбурн университетінің ғалымдары иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирус инфекциясын өз бетінше жеңе алады деген қорытындыға келді, - деп хабарлайды "Хабар24" Nature Medicine журналына сілтеме жасап.

Зерттеу нысаны ретінде Аустралияға келген Қытайдың Ухань қаласының 47 жастағы тұрғыны алынған. Кейін әйел адам коронавирустың белгілері – әлсіздік, ентігу, құрғақ жөтел және қызудың көтерілуімен ауруханаға түскен. Науқаста оған дейін патологиялық аурулар мен зиян әдеттер болмаған. Ауруханада науқасқа антибиотиктер немесе вирусқа қарсы препараттар берілмеген.

Дәрігерлердің қабылдаған жалғыз шарасы ағзадағы су балансын сақтау үшін тамырға сұйықтық енгізу болған екен. Нәтижесінде науқас екі аптадан кейін толық жазылып кеткен. Одан алынған қан талдауының нәтижелері иммун жүйесінің жасушаларының өсуін көрсетті, бұл организмнің әдеттегі маусымдық тұмауға қарсы реакциясы дейді дәрігерлер.