Bugin
Дағдарыстан шығу
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы әлемді дүр сілкіндірген індетке байланысты дағдарысқа тап болған лигалар мен клубтар үшін арнайы қаржылық қор құруды жоспарлап отыр.
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы берген есепке сәйкес резервтегі қор 2,74 миллиард долларды құрайды. Федерация індеттен қаржылық тапшылық көрген клубтарға көмектесетін болады.
Соңғы аптада болған жағдайларға байланысты Халықаралық федерация осындай шешімге келген. Алдымен, Уругвай футбол федерациясы маусымдық ойындардың тоқтауына байланысты 400 қызметкерді қызметінен босатқан. Кейіннен словакиялық «Жилина» футбол клубы өз жұмысын толық тоқтатқан.
Футболшылар да жалақыларынан бас тартуда. «Бавария» құрамасының ойыншылары жалақыларының азайтқанын мақұлдаса, «Барселона» командасының ойыншылары 70 пайыз азайтуға келісім білдірген.