Қоғам

Шымкентте блог-посттардың саны 17-ге жетті

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.

— Шымкент қаласында короновирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай қалада блог-бекеттердің саны артып, 17-ге жетіп отыр. Сондай-ақ қала аумағында бетперделік режим енгізілді. Бұдан былай барлық азаматтар қалада медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Бұл шектеулерді ескермеген, төтенше жағдай режимі мен санитарлық талаптарды қасақана бұзған азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынады,— деді Ербол Әбілқайырұлы.

Оның айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476 бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзған азаматтарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер бұл құқықбұзушылық тағы да қайталанса, сот шешімімен 10 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.