Weekend
Есте сақтау қабілетін арттыру
Доктор Джереми Дин психология саласында ашылған жаңалықтар бойынша блог жүргізетін танымал блогерші. Жазбасында ағылшын тілінде жариялайтын автордың есте сақтау қабілетін арттыру үшін айтылған кеңестерін аударып беруді жөн көріп отырмыз.
1. Жазылмаған дүниелер жоғалады.
Ойымызда неше түрлі ой жүретіні белгілі. Соның бәрін түртіп жазып жүргеніміз жөн. Әйтпесе ұмытып қаламыз. Ал оны еске түсіру үшін де уақыт кететіні белгілі.
2. Біз жадымыздың тұзағындамыз.
Біз жадымызда көп дүниені сақтай аламыз деп ойлаймыз. Сондықтан болашақта біз білгенімізді ұмытпайтынымызға сенеміз. Егерде біз ұмытқымыз келмеген затты қайталап тұратын болсақ, оны естен шығармаймыз.
3. Қоршаған орта - сіздің жадыңыздың кілті
Үйде білген нәрсені сыныпта есте сақтау қиын болуы мүмкін немесе керісінші жағдайда кездеседі. Есте сақтау жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Олар : жақын жерде кімге және қалай оқығаныңызға байланысты болады. Осы ерекшелікті қалай таңдағыңыз келетінін ойластырып алыңыз. Немесе ақпаратты кез-келген жерде есте сақтау үшін түрлі жаттығулар жасап көріңіз. Жаңа сөздерді айналадағы заттармен байланыстыра отырып жаттап алыңыз. Мысалы: моншақтардан білезік жасап отырып, Мендельдің екінші заңын есте сақтап көріңіз. Сосын үнемі білезік жасаған кезде, сіздің есіңізге Мендельдің екінші заңы түсетін болады.
4. Қайталау - оқытудың анасы
Халық даналығы ғылыми растау алды. Уақыт өте келе естеліктер жоғалып кететіні анық, мұны зерттеулер де растайды. Біздің есте сақтау мүмкіндігіміз шектеулі. Сондықтан адамдар сирек пайдаланатын ақпаратына қол жеткізуі қиын болады. Сол себепті біз жадымызды қалыпқа келтіру арқылы есте сақтау қабілетін арттырамыз. Осы орайда ұмытқыңыз келмейтін дүниені үнемі есте сақтаңыз. Мысалы: әжеңізге пісіріп беретін бәліш рецепті. Оны сирек қолдансаңызда, есте сақтауға міндеттісіз. Себебі ол сізге керек.
5. Бірінші рет барлығы қиын.
Егер сіз осы жазбаны оқып, кейіннен ұмытып кетуіңіз мүмкін. Оны қайта оқу арқылы, немесе жадыңызда қайта қалыпқа келтіру арқылы есіңізге ала аласыз. Ең бастысы ол сізге бірінші оқығаныңыздай қиын болмайды.
Сөз соңында есте сақтау қабілетін арттыру үшін, үнемі түрлі сауалнамалар мен викториналарға қатысып отырыңыз. Байқаулар ұйымдастырыңыз, білім алуды жалғастырыңыз.