Weekend
Жұмыстан босағандар
Бүгін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандықтардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді қалай ала алатыны туралы егжей-тегжей айтып берді.
Бәрімізге белгілі елімізде карантинге байланысты көптеген жұмыс орындары өз жұмысын тоқтатты. Қала мен ауыл халқы үй режимінде карантинге алынды. Балалар мен студенттер қашықтықтан оқу жүйесіне өтті. Осыған орай үкімен жұмыссыз қалған жандарға 42500 теңге өтемақы беруді ұйғарып еді. Сонымен 42500 теңге өтемақыға кімдер өтініш бере алады деген сұраққа жауап бере өтсек.
Жеке қарыз алушылар, заңды тұлғалар мен келесі себептерге байланысты жағдайы төмен отбасылар:
• карантин енгізуге байланысты уақытша еңбекке жарамсыз деп табылғандар;
• жалақы төленбейтін еңбек демалысында болғандар;
• жұмыстан босату, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату жағдайы орын алғанда;
• жалақыны немесе басқа кірісті төлеуді қысқарту немесе тоқтата тұруға байланысты;
• карантин қолданылатын аумаққа кіруге немесе шығуға қойылатын шектеулерге байланысты қызметкер жұмыс орнында бола алмаса;
• қаржылық жағдайдың нашарлауын көрсететін басқа себептерге байланысты.
Карантинға байланысты кімдердің қарыздары төлеу уақыты тоқтатылады?
Бұл науқанға 2020 жылдың 16 наурызына дейінгі барлық қарыз алушылар қатыса алады.
Егер Қарыз алушының осы талаптарға сәйкес бірнеше қарызы болса, қарыз алушының бір өтінішті беру кезінде барлық осындай несиелері қарастырылатын болады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін қабылданады.
Төлемдерді тоқтата тұру мерзімі: 3 ай (2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейін)
Өтінімдер өтінім берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Қабылданған Өтінімді өңдегеннен кейін біздің компания Қарыз алушыға Қосымшада көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS хабарлама жолдау арқылы хабарлайды.
Өтінімді қарау үшін комиссиялар және басқа төлемдер алынуы мүмкін.
Айыппұлдар мен өсімпұлдарға төтенше жағдай кезінде төлем алынбайды.
Егер сізде тағы да сұрақтар бар болса, байланыс орталығына қоңырау шалыңыз: 7788