Солтүстік Қазақстан облысы

СҚО-да 3 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстан облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Қазақстан облысында 3 медицина қызметкерінің коронавирус жұқтырып алғаны анықталды. Оның бірі Петропавл қаласының, екеуі Тайынша ауданының тұрғындары. Осы жағдайға байланысты Тайынша аудандық ауруханасы уақытша жұмысын тоқтатты.

Тайынша ауданында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің бірі Келлеровка ауылының, екіншісі Тайынша қаласының тұрғыны. Қазір екі елдімекен де толықтай карантинге жабылған.

«Аудандық аурухананың жұмысы тоқтатылды. Онда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шара 2-3 күнге жалғасады. Қазіргі уақытта халыққа медициналық қызмет көрсету мәселелері қарастырылуда. Ауруханада жатқан науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық. Тиісті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.

Сырқаттардың екеуі де зертхана қызметкерлері. Жұмыс бабында бір-бірімен байланыста болған. Ал, үшінші адам Петропавл қаласындағы карантиндік пункт қызметкері. Ол ауруды стационарда жатқандардан жұқтырған.

Коронавирс инфекциясының таралуына байланысты Петропавл қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де жабылды. Мекеме қызметкерлерінің бірі инфекция жұқтырғаны анықталды. Онымен байланыста болған ұжым мүшелерінің барлығы, яғни 53 адам карантинге жатқызылды.

2 сәуірдегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 7 адамға жетті. Әзірге инфекция тараған мекенжайлар төмендегідей: 

Тайынша ауданының Келлеровка ауылы;

Тайынша қаласы;
Н.Назарабаев көшесіндегі 270 үй;
Парк көшесіндегі 121 үй;
К. Сүтішев көшесіндегі 17-ші үй;
Хименко көшесіндегі 1-ші үй;

Театр көшесіндегі 36-шы үй (Петропавл қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);

Орталық коминикациялар орталығының облыстық филиалында өткен онлайн брифингте Петропавл қаласын карантинге жабу мәселелері қарастырылып жатқаны айтылды.