Алматы облысы
Алматы облысы
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.
Айтуынша, олар аудандағы Панфилов округіне қарасты Қызыл Ту ауылындағы санитарлық және су қорғау аумағындағы жерлерді жеке меншікке өткізіп, әрі қарай жалға беріп, ақша таппақ болған. Сондықтан күдіктілер ішінде Панфилов округінің әкімі де бар.
Күдікке ілінген шенділерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.