Алматы

Алматыда коронавирус жұқтырған екі адам ауыр халде жатыр

Алматы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында қауіпті індетті жұқтырғандар саны 90 адамға жетті. Бүгінгі жағдай бойынша аурудан емделіп шыққан адамдар саны – 11. Оның біреуі кеше ауруханадан жазылып, үйіне шықты. 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2 адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді. Олар өкпені жасанды желдету аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр.

«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Алматы облысынан келген 1 пациентті ескерсек, қаладағы инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. Екі ересек адамның жағдайы ауыр. Оның біреуі әйел, екіншісінің кеше жағдайы қиындаған соң, арнайы аппаратқа қостық», - деді Тілеухан Әбілдаев.

Алматыда қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның 81-і – бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат жатыр.

Азаттық рухы