Hi-Tech
Уақытты тиімді пайдалануға, жақындармен байланыста болуға және деректерді қорғауға көмектесетін өмір үшін жаңа қызметтері бар жазылымдар
Microsoft компаниясы 21 сәуірден бастап Office 365 үй жазылымдары Microsoft 365 деп аталатының, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктері мен қызметтері қосылатының жариялады. Microsoft 365 — бұл жасанды интеллекттің (ЖИ) жаңа мүмкіндіктерін, әр түрлі мазмұн мен үлгілерді, сондай-ақ мәтінмен, презентациялармен және безендірумен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру үшін бұлтты есептеулерді қолданатын Office 365 эволюциясы.
Жақындарымен байланысты нығайтуға, отбасылық және достық қарым-қатынасты қарапайым әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік беретін жаңа қызметтер қосылады. Жаңа мүмкіндіктер 21 сәуір күні шыға бастайды, ал алдағы айларда 38 миллионнан астам Office 365 жазылушылары оларға біртіндеп қол жеткізеді.
Алдын ала нұсқасы алдағы айларда пайда болатын Microsoft 365 құрамындағы жаңа шешімдер — бұл сіздің отбасыңыздың сандық және физикалық әлемде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленгенMicrosoft Family Safetyжаңа бағдарламасы және достарыңыз бен отбасыңызға жақын болуға, сіз үшін аса маңызды нәрсемен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретінMicrosoft Teamsжаңа мүмкіндіктері.
Ақырында, Microsoft Edgeбраузері Password Monitor парольдерін тексеру жүйесі және Жинақтау функциясымен зерттеулерді жеңілдету арқылы ғаламторда қорғау мүмкіндіктері бар жаңа даму толқынына шығады. Осы сілтеме бойынша Edge барлық жаңа мүмкіндіктері туралы толығырақ біле аласыз.
Skype және Microsoft Teams көмегімен отбасы мен достарға жақын болыңыз
Жақындарымен байланыста болу бүгінгі күні бір кездерге қарағанда маңызды. Соңғы уақытта 40 млн адам күнделікті Skype пайдалана бастады, бұл 70% айлық өсімге сәйкес келеді. Skype арқылы қоңыраулардың ұзақтығы бір айда 220% - ға өсті. Адамдарға жылдам қоңырау шалуға көмектесу үшін, біз жақында Жиналыс (Meet Now) деп аталатын Skype жаңа тегін функциясын ұсындық, ол тек үш рет басу арқылы бейне кездесу жасауға мүмкіндік береді және оған қосылған адамдарға тіркелгінің астында кіру және компьютеріне қосымшаорнату қажет етпейді.
44 миллионнан астам адам жұмысында Microsoft Teams қолданады. Microsoft Teams – чаттарда сөйлесуге, қоңырау шалуға, видеоконференциялар өткізуге және бір қосымшада бірлескен жұмыстың басқа да мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік беретін командалық жұмыс орталығы. Жұмыс пен өмірде өзара қарым-қатынастар үшін бірыңғай қосымшаны қолдануға және жақын адамдармен байланысыңызды нығайту үшін Microsoft Teams жеке өмірге арналған жаңа мүмкіндіктерін ұсынды. Teams байланыста қалуға мүмкіндік береді, достарымен сапарды жоспарлау үшін топтар құруға, көршілермен кездесу ұйымдастыруға немесе кітап клубының іс-шаралар кестесін құруға мүмкіндік береді. Топтық чаттарда бірігуге, бейне қоңырауларды өткізуге, істер тізімін бірге жасауға және жеке адамдарға міндеттер қоюға, кестені үйлестіруге, фотосуреттер мен бейнелермен бірыңғай орталықта бөлісуге болады. Teams-та маңызды ақпаратты сақтауға арналған құралдар қосылады, мысалы Wi-Fi парольдері және аккаунттар деректері, сіз тіпті жақындардың үйге, жұмысқа немесе мектепке барғанда геолокациялық жаңартуларын қадағалай аласыз.
Microsoft Family Safety арқылы отбасыңызды сандық және физикалық әлемде қорғаңыз
Microsoft Family Safety жаңа қосымшасы отбасыларға ғаламторда және нақты әлемде пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін құралдар мен талдауларды ұсына отырып, жақындарын қорғауға көмектеседі. Бұл Android және Xbox құрылғыларында, Windows бар дербес компьютердегі экран уақытын басқаруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар балаларыңыз үйде болмаған кезде сабырлық сақтауға көмектесетін жалғыз бағдарлама.
Microsoft Family Safety арқылы сіз геолокациямен бөлісе аласыз және отбасы мүшелері үйден, мектеп немесе жұмыстан келген немесе кеткен кезде хабарламалар алуға болады. Жақындарыңыздың болуы тиіс жерде екенің біліп сабырлық сақтауыңыз үшін.
Microsoft Family Safetyбағдарламасы сіздің балаларыңыз Xbox-та, Windows 10 бар дербес компьютерде және Android телефондарымен уақытты қалай жұмсайтынын түсінуге, сондай-ақ гаджеттерді пайдалану кезінде пайдалы әдеттерді қалыптастыру үшін шектеулер орнатуға көмектеседі. Сонымен қатар, баланың ғаламторда болған кезінде жасына сәйкес келмейтін мазмұнды пайдалануды шектей аласыз.
Microsoft Editor
Біздің зерттеу адамдардың шамамен жартысы жақсы жазуға үйренуге тырысатының көрсетеді. Бүгін біз жасанды интеллект негізіндегі Editor қызметіне ауқымды қосымша ұсынамыз. Editor қызметі 20-дан астам тілдерде, оның ішінде орыс тілінде, Word, Outlook.com және Microsoft Edge, Google Chrome браузерлері үшін жеке кеңейту ретінде қол жетімді.
Жаңа қайта өңдеу (Rewrite Suggestions) функциясы бастапқы мағынасын сақтай отырып, мәтінді неғұрлым айқын немесе түсінікті етіп жасауға болатын жолдарды көрсетеді. Сонымен қатар, авторларға біртума мазмұнды жасауға көмектесу үшін Word-дағы Editor функциясы арқылы алғаш рет мәтінді плагиатқа тексеруге болады және, қажет болғанда, дұрыс дәйексөздерді құжатқа тек бір рет басу арқылы қосуға болады.
PowerPoint – тағы Presenter Coach
PowerPoint – тағы Presenter Coach көпшілік алдында сөз сөйлеу қорқынышын жеңуге көмектеседі. Presenter Coach сіздің сөзіңізде тым жиі "Mмм" пайда бола ма, жай ғана слайдтардан оқыдыңыз ба немесе тым тез сөйлегеңізді анықтау үшін жасанды интеллектті қолданады.
Microsoft PowerPoint Presenter Coach екі жаңа функциясын ұсынды: сөйлеудің монотондылығын анықтағыш (monotone pitch) және сөйлеуді пысықтау. Presenter Coach сіздің дауысыңыздың үнін тыңдайды және нақты уақыт режимінде сөйлеуді эмоционалды бояулы етеді, сондай-ақ грамматикамен көмектеседі: ұсынысты қалай сауатты құруға кеңес береді.
Креативті мазмұн және сыйлықақылы үлгілер
PowerPoint конструктор функциясы (PowerPoint Designer) сіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді қосымша уақыт талап етпей кеңейтеді, мысалы, мәтінді бір рет басу арқылы тиімді уақыт шкаласына түрлендіре аласыз. Суретті слайдқа қосқан кезде, Конструктор автоматты түрде бірнеше дизайн нұсқаларын жасайды. Microsoft 365 жазылушылары шығармашылық танытатын арсеналға ие болады – оларғаәсерлі және көрнекі тартымды құжаттарды жасау үшін 8 000-нан астам әдемі суреттер мен Getty Images-тен 175 циклдық бейнелер, 300 жаңа қаріптер және 2 800 жаңа таңбалар қолжетімді болады. Бұл мазмұн Word және Excel-де қолжетімді болады.
Мектеп, жұмыс немесе отбасы жобасын жылдам бастау және уақытты үнемдеу үшін Microsoft 365 жазылушылары Word, Excel және PowerPoint-те 200-ден астамсыйлықақылыүлгілерге эксклюзивті қол жеткізе алады. Үлгілерөте оңдырезюмені, үйлену тойына шақыртуды, баланың туған күніне арналған ашық хатты жасауға, жаңалықтарды жіберуге және т.б. жасауға көмектеседі.
Excel жаңа деректер түрлері және ақылды үлгілер
Көбісі Excel-ді ақпаратты жинау және талдау үшін пайдаланады. Осындай деректерді іздеу, іріктеу, жаңарту оңай емес және уақыт бойынша шығын болуы мүмкін. Жақын арада жаңа деректер түрлері Excel-ге жүктеу үшін қолжетімді болады және ақпаратты оңай іріктеуге және құрылымдауға көмектеседі: сіздеазық-түлік, фильмдер, орындар, химия және тіпті покемондар сияқты 100-ден астам тақырыптар бойынша кеңейтілген мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі болады. Қарапайым мәтін мен сандарды деректер түрлеріне айырбастау арқылы уақытты үнемдеңіз. Excel сіздің ақпаратты жақсы ұсыну үшін әр түрлі визуалды және ақпараттық интерактивті деректер карталары мен суреттерді ұсынады. Биржаның деректер түрлеріне кіру және география Excel веб-нұсқасында барлығы үшін ашық. Microsoft 365 жазылушылары Wolfram Alpha базасындағы 100-ден астам жаңа деректер түріне эксклюзивті қолжетімділікке ие болады.
Outlook арқылы жұмыс және жеке уақытты жоспарлаңыз
Microsoft Outlook веб-нұсқасының жаңа мүмкіндіктерін ұсынды, ол сіздің жеке және іскерлік кездесулеріңіз туралы ақпараттардың құпиялылығын сақтай отырып, жұмыс аккаунтындағы нақты жүктемені көрсете отырып, бір күнтізбедегі жұмыс пен өмірдегі барлық уағдаластықтарды басқаруға көмектеседі.
Microsoft 365 Personal (дербес) және Microsoft 365 Family (отбасы үшін) жазылымы бүкіл әлем бойынша 21 сәуірде қолжетімді болады — сол бағада көбірек мүмкіндіктер
Office 365 жазушылары жаңа Office мүмкіндіктеріне қазірден бастап қол жеткізе алады. Microsoft 365 Personal (Жеке) және Microsoft 365 Family (Отбасы үшін) жазылымдары бүкіл әлем бойынша 21 сәуірден бастап қолжетімді болады.
Microsoft 365 Personal және Family жазылымдары Office 365 қызметі компьютерлерге арналған айрықша Office бағдарламалары, OneDrive бұлтты сақтау орнында бір адамға 1 TB, Skype арқылы ұялы және қалалық телефондарға 60 минут қоңырау шалу, зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету және фишингтік шабуылдардан қорғау үшін кеңейтілген қауіпсіздік құралдары, техникалық қолдау сияқты барлық мүмкіндіктерді сақтайды.
Жеке және отбасы үшін Microsoft 365 жазылымдары туралы, сондай-ақ, жаңа опциялардың қол жетімділігі туралы толық ақпарат алу үшін осы бетке кіріңіз.