Түркістан облысы

Коронавирустан қайтыс болған Түркістан облысының тұрғыны Алматыдан келгенін жасырған

Түркістан облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Алматыда коронавирустан тағы алты адам емделіп шықты Шымкентте барлық мекеменің жұмысы тоқтатылады ШҚО-да тұрғындардың жүріп-тұруы тақ және жұп сандарға байланысты Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған адам жайлы жаңа дерек пайда болды.

Коронавирустан көз жұмған жетісайлық тұрғын Алматыдан келгенін жасырған. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам расталды. «Оның ішінде Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында – 2, Арыс қаласы – 1, Ордабасы ауданында – 1, Сарыағаш ауданында – 1, Мақтаарал ауданында – 4, Сайрам ауданында – 2 адам анықталды. 

Осы адамдарда вирус анықталып, 1 адамның өлімі тіркелді. Олар осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған», - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сәуле Жамалова. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 «Өкінішке қарай, бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы азаматы қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Науқастың қосалқы ауруы – қант диабеті. Барлық сынымалар алынып, емдік шаралар жүрізілді. Науқастың жағдайы нашарлап, бүгін таңертең көз жұмды», - деді С. Жамалова.