Саясат

Денис Теннің қазасы: Күдіктілерге қандай жаза тағайындалды?

Денис Теннің өлімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген күікке ілінген Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

 

Сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді. Прокурор Қуандық Досовтың айтуынша, сот отырыстары барысында күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденді.

 

"Арман Құдайбергеновті айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Нұралы Қиясовты айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жаза мерзімін қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтесін. Ал Жанар Толыбаеваны "бір топ адамның алдын ала келісіп ұрлық жасауы" және "қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне қамауға алуды сұраймын", — деді прокурор Қуандық Досов.

Бұдан бұрын мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен ұлын тапсырыспен өлтіргенін тағы да мәлімдеп, істі қайта тергеуді сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Бұдан бөлек, Денис Теннің анасы полиция қызметкерлері Нұрпейісов пен Мұсаевты қызметтегі әрекетсіздік пен салғырттығы үшін жауапкершілікке тартуды талап еткен. Айыптау тарабы жәбірленушілердің бұл өтінішін мақұлдаған жоқ. Судья Кеңшілік Әбділдинов Теннің анасы берген өтінішке екі жақтың жарыссөзінен кейін жауап беретінін мәлімдеді.

Азамат Нұрпейісов – кісі өлімі болған жерге жақын маңда болып, қылмысты көзімен көрген жасөспірімдер ісі бойынша инспектор. Нұрпейісовтің сөзіне сүйенсек, ол Дениске алғашқы көмек көрсетіп, адамдардан "жедел жәрдем" шақыруды сұраған.

Әділбек Мұсаев – қылмыс жасалған кезде Нұрпейісовпен бірге бір көлікте болған оның әріптесі.

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде көлік ұрыларының қолынан қаза тапты.