COVID-19

Шымкентте коронавирустан қайтыс болған науқас туралы

Коронавирус

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Науқас 1964 жылғы, Түркістан облысының тұрғыны, автомобильмен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші болып жұмыс істеген. 

Соңғы апта ішінде Ресейден Алматыға 1988 жылғы ұлымен бірге келе жатқан жолда денсаулық жағдайына, дене қызуының жоғарылауына шағымдар пайда болған.

3 сәуірде Шымкент қаласы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

КВИ–ға зерттеліп оң нәтиже анықталған.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен кезден бастап науқастың жағдайы өте ауыр болған, жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қарқынды терапия жүргізілуіне қарамастан, жүрегі тоқтаған. 2020 жылы 5 сәуірде сағат 03:50 қайтыс болу фактісі тіркелді.

Қарым қатынастағы болған ұлы қазіргі уақытта ол Алматы қаласына келген, сол жерде стационарлық карантинге оқшауланған.

Бүгінгі күнге Шымкент қаласы бойынша 6 ошақта КВИ жұқтырудың14жағдайы тіркелген, оның10-ы байланыста болған.12жұқтырған КВИ жағдайы тұрақты,51жастағы пациенттің жағдайы ауыр, орташа динамикамен.

Тіркелген барлық жағдайлар бойынша327байланыста болғандар, оның ішінде177«жақын» және150«потенциалды».

Атамекен, Мейірім карантиндік стационарларында, №2 қалалық аурухана274адам, үй карантинінде53адам бар.

Карантиндік стационарлардағылардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы