Шымкент
Карантин режімі
2020 жылғы 6 сәуірден бастап, Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды.
Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады.
Банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді.
Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ.
Карантин кезінде қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы