COVID-19
Жәрдемақы алу бойынша 1 млн 284 мың өтініш түскен
«Біріншіден, 42500 теңгені бейресми, ресми жұмыс істеп жүріп, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып қалған азаматтарға тағайындалады. Олар - орта және шағын бизнес компанияларында, ал карантин жарияланған қалаларда ірі бизнес кәсіпорындарында істейтіндер. Оларды ақысыз демалысқа жібергенде, жұмыстан қысқартылып қалса ғана береміз, қашықтан жұмыс істеп жүрген болса алмайды. Екі күн бұрын коммерциялық емес ұйым қызметкерлері де жұмыстан қысқарып қалса, жәрдемақы ала алады деген өзгеріс енгіздік. Мұның мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік органдарға қатысы жоқ», - деді министр.
Министр өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жайлы да түсіндірді.
«Олардың ішінде ресми жұмыс істейтіндер, ресми емес істейтіндер бар. Ресми дейтініміз – ИП-сы барлар, адвокаттар, тағы басқалар. Олар төтенше жағдайға дейін әлеуметтік жарна (ЕСП аударғандар да оған кіреді) аударған болса, өтініш бере алады. Ал бейресми жұмыс істейтіндер, яғни, әртүрлі тірлік жасап отбасын асырап, бірақ ешқашан салық төлемеген, зейнетақы төлем аудармағандар қазір бір рет ЕСП аударса, 42500 теңге беріледі. Мысалы, бүгін төлесеңіз, ертең өтініш бере аласыз», - деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов.
Нұрымбетов қазір жұмыс істеп жүргендер мен басқа да әлеуметтік төлемдер алып жүргендер өтініш бере алмайтынын ескертті.
«Ал декретте жүрген кісілерге 1 жылға дейін мемлекет ақша төлейді. Бір жыл асқаннан кейін әрине жұмысқа барар еді. Бірақ қазір жұмысқа оларды алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар баланы өмірге әкелген уақыттан бір жыл өтсе ғана, өтініш бере алады», - деді министр.
Азаттық рухы