Экономика
Мұнай
Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы маусым айындағы жеткізілімдер бойынша 3,24 пайызға өсіп, барреліне 34,12 доллар болды, - деп жазады ТАСС.
WTI маркасы фьючерсінің бағасы 27,15 доллар (+4,1%) болып тұр.
Мұнай бағасы ОПЕК+ министрлерінің бейнебайланыс форматындағы келіссөздері алдында өсіп жатыр.
ОПЕК+ кеңесі 6 сәуірде өткізілуі тиіс еді, алайда 9 сәуірге ауыстырылған.
ТАСС дереккөздерінің мәліметінше, бұған оған қатысушылардың мұнай өндірісінің көлемін қысқарту бойынша алдын ала консенсусқа дайын болмауы себеп.