Қоғам

Менің елімнің еріктісімін.

Жас мұраты, білім, тәлім – талабы... Өнер, оқу – жастықтың қару жарағы. Ілияс Жансүгіров

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды  «Еріктілер жылы» деп жариялады.

Бұл жыл еліміздегі еріктілер санын арттырып, жастарға ерекше қолдау көрсетуге, өз еркімен қоғамдық маңызы бар салаларға белсене араластыруға, жастардың потенциалын көтеріп, ғылым, мәдениет, руханият, саясат саласының жандануына үлес қосуға негіз болмақ. 2016 жылы 22 желтоқсанда қабылданған «Еріктілер қызметі туралы» Заңында. Еріктілер қызметі – жеке тұлғаларға, кәсіпорын - компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау деп көрсетілген.

Қоғамда болып жатқан мәселелерге бей-жай қарай алмайтын, жаңашылдыққа жаны құмар жастар саны күн санап артуда.Ал, ерікті деген кім?

Волонтерлік іс (лат. тілінен voluntarius – ерікті) – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді. Олар ақысыз, ерікті қоғамдық жұмыс атқаратындарға жатады. Кімдерге көмектеседі десек, ағаш, өсімдіктер, көгалдар, түптерді отырғызып, өсіру,азаматтардың мынадай сияқты әлеуметтік санаттарына көмек, егде адамдар, қамқорсыз бала-шағалар, баспанасыз адамдар, жастар, студенттер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедектер), жануарларға көмек, қорықтар мен хайуанаттар саябағына ерікті көмек, экологияны жақсарту: қоқыстарды жинау, сенбіліктерді ұйымдастыру т.б.

Ал қазірде елімізде 222 волентерлік ұйым белсенді жұмыс жасауда. «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымыда еріктілермен етене жақын жұмыстар атқарады. Сол туралы ұйым басшысы Садвакасова Динара Тайбасаровна сұхбаттасқан едік:

Қанша еріктілермен тығыз қарым-қатынастасыздар?

- Қазіргі таңда  «Жас Ұлан Тim» волонтерлар тобында 200-ден аса оқушылар бар. Басты мақсаты: балалармен тығыз қарым - қатынас орнату. Ұлттық және азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең, тұлғаны қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Жас ұландықтардың шығармашылығын арттыру аясында бірнеше бағыттарға бөлдік. Ерікті жастардың көшбасшысы – Қанаев Қанат. Қанат 9-сынып оқушысы, қоғамдық жұмыстарға өте белсенді.

Қандай жобаларды іске асырасыздар?

- Еріктілер жылы өте жаңа бір идеяларға толы. Сол көптен бері көкейімізде жүрген жобаларды сәтті орындаймыз деген ойдамын. «Асыл мұра», «Таза әлем» сынды республикалық жобаларды іске асыру жоспарымызда бар. «Асыл мұра» жобасының ерекшелігі қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, тарихын, көне жәдігерлерін қайта жандандыру. Және әлеуметтік желілер мен wikipedia-да үш тілде мәдени мұраларға байланысты ақпараттарды толықтыру. «Таза әлем» жобасының басты идеясы экологияны жақсыарту, балаларды экология тақырыбына қызықтыру.

Жастарға берер кеңесіңіз?

- Кадиз мемлекеттік университеті (Испания), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Баку мемлекеттік университеті (Әзірбайжан) сынды шетелдік оқу орындарында арнайы іс тәжірбиеден өтіп, білімімді толықтырдым. Жастарға берер кеңесім мүмкіндік болса, шетелде білім алып, ағылшын тілін оқу. Тайм менеджментке жұмыс істеу. Қоғамдық мәселелерге араласу. Көздерінде от жанып, рухы мықты тұлға болып қалыптасса деймін. Ең басты керегі, білім, ізденіс, еңбек, тіл білу, әлем жаңалықтарынан хабардар болу сол арқылы ой - өрісінді кеңейту. Шешендік қасиетті дамыту үшін әдеби кітаптар, шетелдің жазушыларының кітаптарын оқуға кеңес беремін.

Шетелдік ұйымдармен байланыс орнатасыздар ма?

- Ресей, Әзірбайжандық ұйымдармен үнемі байланыста боламыз. Шетелдік әріптестермен түрлі іс- шараларды бірге жүзеге асырамыз. Таяуда біздің ұйымның өкілдері Әзірбайжанда өткен форумға қатысып, арнайы сертификат алды. Екі тарап арасында тәжірбие алмасу, ой - пікірлерімен бөлісіп отыру біз үшін өте маңызды. Және еріктілерімізге барынша жағдай жасауға, көмек қолын созуға әзірміз. Әсіресе, биылғы жыл біздер үшін табысты болмақ! Мен үшін де жастардың белсенділігін арттыру, өмірде өз орының табу үшін де аянбай еңбек етемін. Өйткені, менің Жасұландықтарым менің екінші отбасым.

Арнайы уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеңізге рахмет!

Еркежан Досмұхамбет

Нұр- Сұлтан қаласы