Қоғам
Білім мен мінез
Қазақ халқының ардақты перзенті Әлихан Бөкейханов - өзінің ұстанған бағытына өмірінің соңына дейін шын берілген және сол жолдан ауытқымаған,қазақ мүддесіне бүкіл өмірін сарп еткен ұлы қайраткер, халық көшбасшы.
Әлихан Нұрмахамедұлы екі бірдей қасиет, яғни білім мен мінез молынан берілген тұлға. Патшалық билік тұсында-ақ бүкіл қазақ жұрты мойындаған саяси қайраткер дәрежесіне көтеріледі. Оның халық арасындағы беделін байқаған замандас ағасы Бақытжан Қаратаев оралдан жазған хатында «Сүйікті Әлихан»!... Қазақ арасы дүйім елдің ықыласы мен сеніміне ие оқыған азаматқа тапшы. Тек сен ғана халықтың ықылаына бөленген. Тек сенің ғана ел үшін қызмет жасадым деп айтуға хақын бар, - деп жазшы.
Қазіргі таңда елімізде баты мәселелердің бірі-білімді ұрпақ қалыптастыру, Саналы білім беру жүйесінің мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Елбасы Жолдауында «білім беру реформасы» - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деген еді.
Дарынды көшбасшы Әлихан Бөкейханов бұл мәселеге сол кездің өзінді-ақ оң үлесің қосты.Сол жылдарда қоғамдағы өзекті өзекті мәселердің бірі оқулықтар жазу болатын. Оқулық жазу ісіне қазақ зиялылары емес ғана емес,сырттан шақырылған ғалымдар да қатысты. Әлихан халық ағарту мәселесің баспасөз бетінде «Жаңа мектеп» журналы арқылы көтерді. Осылайша «Жаңа мектеп» журналының алғашқы сандарында Әлихан Бөкейхановтың мақаласының жариялануы зиялы қауым өкілдерінің топтасуына әсер етіп,журналдың көпшілік басылымға айналуына өз әсерің тигізді. Ол қазақ халқын журналға жазылуға,оқуға,мәдениетке шақырады.
Өз мақалаларында Қазақстанда білім беру ісіндегі өзгерістер мен осы саланың дамып келе жатқаның, қазақ тілінде жазылған кітаптардаң ұлттық тілде оқутудан,мектептерінің ашылуынан,білім беру ісіндегі саласында жаңа бағдарламалардың енгізілуінен көрінетінің жазады. Дегенмен Әлихан Бөкейхановтың білім беру саласына байланысты ХХ ғасырдың басында көтерген мәселелері бүгінгі таңда жүзеге асты деп ойлаймын.
Біз бүгінгі жастар,бақыттымыз. Біз Әлихан сыңды тәуелсіздік үшін күрескен тұлғлар армандап кеткең дербес елде өмір сүріп жатырмыз. Біздің тәуелсіздігіміз үшін күрескен ұлттың ұлы тұлғасы Әлихан да көңілдері Алаш деп сайраған айбарлы ақиықтар да қазақ жүрегінен өшпек өмес.