Спорт

Роналдудың ағасы: «УЕФА мен ФИФА-ға ұят!»

Угу Авейру футболдың «шіріп» кеткенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның «Ювентус» клбуына ауысқан, әлемнің ең үздік әрі бай ойыншыларының бірі Кришитану Роналдудың ағасы Угу Авейру JM Madeira газетіне берген сұқбатында осы жолы ФИФА-ның жасаған шешіміне келіспейтінін айтты.

 

 

Оның ойынша, әлемнің ең үздік ойыншысы мен ең әдемі голды алғандар ол атаққа лайық емес секілді.

 

«Өкінішке орай, футбол «шіріп» кетті. ФИФА мен УЕФА-ның жасағаны ұят»,-деп инстаграм желсінде пікір қалдырған. Айта кету керек бұған дейін Угу Авейру К.Роналдудың мүзейінде трофейлерін бақылап тұрған камераларды көрсетіп : «бұл трофеилерді ешкім ұрламайды. Аладамаңыздар» деген жазуымен салған болатын.

 

Сұр мергеннің ағасы, ешқандай астарсыз-ақ осы жылы Роналду алу керек трофеилердің ұрланғанын айтып отыр.

 

Еске сала кетейік, биылғы "ең үздік жыл ойыншысы" атағын "Реал Мадрид" командасында ойын көрсететін, Хорватиялық Лука Модрич алса, "Ең үздік гол" атағын "Ливерпуль" сапында өнер көрсететін Мысырлық Мұхаммед Салах алған болатын.