Қоғам
Жолың болсын
Бәріміз астымызда бір-бір темір тұлпарымыздың болғанын қалаймыз. Қазіргі заманда жасымыз, кәріміз, қыз-келіншектерімізге дейін астыларымызда көлік бар.
Жеңіл көлікте асығып жүріп от басып, түрлі қайғы-қасіретке ұшырап жатады. Баратын жеріңе 10 минут кешігіп барсаң да, аман-есен жеткенің жақсы. Тек асығыс үстінде көлік жүргізу емес, жол үстінде басқа да оқиғалар орын алып жатады. Мысалы, жүргізуші жол жүру ережесін 100%-ға біліп тұрғанымен, басқа көліктің ұруы, адамның алдыңнан байқаусызда шығуы, кейде ауа-райының кесірінен көліктердің техникалық ақауларына салғырттық қарау, жаяу-жүргіншінің белгіленген жолақтардан өтпеуі салдарынан жол апаты болады. Өз басым Есік қаласынан Алматы қаласына жеткенше, екі күннің бірінде неше түрлі жол апатын көремін. Есік қаласынан шыққанда сақ қорғандары көп. Сол маңайлар сияқты киелі жерлерде жол апаттары көп орын алады. Осындай оқиғалардан отбасылар жақындарынан айырылып, қайғылы жағдайлардың куәсі болады.
Алматы қаласы сияқты ірі қалаларда әсіресе түнгі уақытта, бір-бірімен жарысып жылдамдық асырып айдайды. Бірақ соңғы технологиялар "Сергек" камерасының орнатылуының арқасында жол жүру ережесінің бұзылуы азайды.
Жол үстіндегі немқұрайлылық қаншалықты ауыр зардапқа әкелетіндігін ескеріп, сезініп, отырған рөлге аса жауапкершілікпен қарап, жол ережесін сақтайық!