Weekend

Бақыт деген не?

Әркім "бақыт" дегенді әртүрлі түсінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бақыт - бір ғана сөздегі терең ұғым...  Әлемде жеті миллиард адам болса, бақыт жайлы да соншалық пікір болмақ. Жер жүзінде бақытты болғысы келмеген жанды кезіктіру де мүмкін емес. Бұл бір ауыз сөздің мағынасын ұғынуға мен де өзімше талпынып көрдім. Сонымен, «бақыт» деген не және оның мәнісі неде? 

В.Г. Короленко "Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты адам да бақыт үшін жаралған" дейді.  

Бақыт жайлы көптеген зерттеулерге үңіле келе, оған бір ғана анықтама беру жеткіліксіз екенің  аңғардым. Бақыт – психологтардың пайымдауынша,  адамның белгілі бір кезеңде сезінетін жанына жайлы эмоционалдық жағдай. Яғни, разы болған кезде, арманыңызға қол жеткізген сәтте  бақыттың дәмін татасыз. Қайырымдылық та адамды бақытқа жетелейдіекен. Себебі мидағы эмоционалдық жағдайларға жауапты жүйе де өзгелерге жасалған жақсылықтан кейін жағымды эмоциялар тудырады. Сонымен қатар, жақындары мен достары  көп жандар да бақыттылар қатарынан болып шықты. Ал қалтаңыздың қалыңдығыбақытқа негіз болмайды десем, сенер ме едіңіз?. Бұның себебін америкалық  психолог әрі экономист Д.Канеман: «Жылына $ 75000 адамға «бақыт» сыйлағанымен, одан ары қарай материалдық байлық «бақыт» әкелуді тоқтатады» деген түйінімен дәлелдейді. 

Енді ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, дені сау жандар 20% бақыттырақ келеді. Дегенмен, бұл да түбегейлі себеп емес. Неге десеңіз, мүмкіндігі шектеулі жандар  арасында да «бақыттымын» дейтіндер көп. Байқасаңыз, адамды бақытқа жетелеуші факторлар жетерлік. Бірақ бұдан да маңыздысы – қандай жағдайда болмасын, позитивті көре білу. Табиғатынан адамдарпессимизмге ұшырағыш болғанымен, сезім мүшелері жамандықтан қарағанда жақсылықты қабылдағышкеледі. Қарапайым мысал - біздің тіліміздегі рецепторлар ащыдан қарағанда тәттіні жақсырақ сезінетіндігі. Сәйкесінше,  өмірде де қайғыдан қарағанда қуанышқа жетелейтін сезімдерге үңілу – сіз үшін «бақыт» ұғымын түсінудің  бірден-бір жолы. Сондай-ақ, біз бақытты іздеген сайын оны жоғалтатынымызды байқадым. Өйткені ол өзгеде емес, өзімізде екенің естен шығарамыз.

Сөз соңында Пауло Коэльоның кітаптарының біріндегі «Адамдар бақытты болудан қорқады» делінгені есіме келді. Бұл – шындық, өйткені адамдар бақыттың шектен тыс көп сезілуі қауіпті деп санайды. Алайда, менің ойымша, тағдырдың әр сәтіне разы болып, өз мақсатына қарай жылжу – нағыз бақыт. Оның көп болуы мүмкін емес. Тек әуелі, оны түсініп, қабылдай білу керек.