Шымкент: Бірнеше шағынаудандары залалсыздандырылуда - на bugin.kz
Bugin.kz - на bugin.kz Bugin.kz

Төтенше жағдай

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқарып жатыр.

Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады.

Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан екінші дережелі банк бөлімшелері мен банкоматтардың жанында тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалуда.

Жалпы аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2 244 кіреберіс алаңы және 400 ойын алаңы бар. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына, кіреберістеріне және басты көшелер мен ішкі орамдық көшелерге залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда.

Осы орайда, аудан тұрғындары тарапынан дезинфекция жұмыстары бойынша қосымша сұрақтар болса, шұғыл аудан әкімі аппаратының 54-96-54 кезекші телефонына хабарласу керектігін хабарлайды. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі alfarabi.shymkent (Инстаграм парақшасы) және әл-Фараби Ауданы Әкімінің Аппараты (Фейсбук парақшасы) парақшалары арқылы тұрғындар өтініштері мен пікірлерін білдіре алады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

0 Пікір Кіру