Шымкент

Шымкент: ТЖ кезінде коммуналдық қызмет тарифі төмендеді

5-10 пайыздың арасында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет түрлерінің тарифін төмендетуді тапсырған болатын. Осыған орай, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілген. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті мәлім етті.

Шымкент қаласында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері Төтенше жағдай кезеңінде қала тұрғындарының қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында және қоғамдық келісімнің тұрақтылығының маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап өз бастамасымен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

1) «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС:

- сумен жабдықтау қызметіне тариф – 88,17 теңгеден 83,75 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді;

- су бұру қызметіне тариф – 35,13 теңгеден 33,38 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

2) «Қуатжылуорталық-3» МКК:

   - ыстық сумен жабдықтау қызметіне есептеу құралдарымен қамтылмаған жеке тұлғаларға тарифі 1 адамға 736,53 теңгеден 662,88 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға төмендетілді;

– есептеу құралдарымен қамтылған жеке тұлғаларға ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф 1 м3-ге 230,16 теңгеден 207,14 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 10% -ға;

3) «Таскудык Бак» ЖШС:

-   тұрғындар сумен жабдықтау қызметіне тариф 70,99 теңгеден     

     67,44 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

  4) «Женис Т» ЖШС:

  - тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф 3916,82 теңгеден 3720,98 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5%-ға;

5) «Сайрам су» ЖШС:

- сумен жабдықтау қызметіне тариф 72,08 теңгеден 68,48 теңгеге дейін (ҚҚС-мен бірге) немесе 5% -ға төмендетілді.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы