Спорт

Семейде 84 жастағы қария әр күн ролик тебеді

Инфаркт алған жан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейде неге жүзуді және қазақ тілінді үйренуге кеш бастадым деп өзіме сұрақ қойып, іштей күмәнданған кезімде бір танысымды есіме аламын. Ол кісімен мен осы жазда таныстым. Ол менің атаммен бір сыныпта оқыған ғажайып жан.  

Жазда Семейдегі ата-анамның үйіне бардым. Үйге барар жолда егде жастағы адамның жол жиегінде ролик теуіп жүргенін көріп, таң қалдым. Бірден ол адам жайлы әкемнен  сұрадым. Оның айтуынша, ол кісі күнде таң азанмен ролик тебеді. Өзі бұрыннан бері осы көшенің бойында тұрады, бірақ әкем онымен жақын араласпайды екен. Содан кейін мен сол атаны тауып, ол туралы бейнеролик түсіру керек деп шештім. Әкемнің менімен бірге оның үйіне баруын өтіндім. 

84 жастағы Ақмағанбет атамен танысуым солай басталды. Ақмағанбет ата бізбен таңғы сағат 6-да жолдың бойында кездесуге келісті. Соған орай жергілікті операторды да шақырдым. Алайда оператор жігіт белгіленген уақытта келмеді. Ал Ақмағанбет ата оған бола ренжіген жоқ, түсірілімді түскі  уақытқа ауыстырдық. 

Сағат бірде атаның үйіне келдік. Егер сіз сол көшеге жолыңыз түссе, онда ақсақалдың қайда тұратынын бірден түсінесіз. Оның үйі басқалардан анық ерекшеленеді және бейнероликтен де байқай аласыз. Ақмағанбет ата саналы ғұмырында сәулетшілікпен айналысқан, қазір қызы және немересімен бірге тұрады. Ол инфаркттан кейін дәрігерлердің айтқан төсек режиміне қарамастан, ролик тебуді бастаған. Міне, ол бірнеше жыл бойы ролик теуіп келеді. Қазір атаның денсаулығы өте жақсы, жүрісі ширақ, өн бойынан сергектік сезіледі.  

Атамыздың мысалына қарап, бірдеңе бастап, немесе өзгерту үшін ешқашан кеш болмайтынын түсіндім. Қанша жасқа келсеңіз де, өзіңізді шектемеңіз. Ең бастысы- айқын мақсатыңыз болу керек.

Кейіпкеріміздің оқиғасын осы бейнероликтен көре аласыз. Бұл ролик кейіпкердің бейнесін аша алды деген үміттемін.

Сондай рухтандыратын егде адамдар туралы бағдарламасы түрінде болғанын қалайсыз ба?

Осы бейнероликті монтаж жасаған адамдар менің идеяларымды әрдәйым қолдайтын достарым Ерлан, Алишер мен Маралбекке рахметімді айтқым келеді. 

Бейнеролик ағылшын тілінде дайындалған.