Саясат
Трамп салығы
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Жоғарғы сотқа өтініш беріп, өзінің бухгалтерлік компаниясынан Нью-Йорк прокуратурасына соңғы сегіз жылдағы салық есебін беру туралы сот шешімін тоқтатуды сұраған.
Трамп бұл мәселе бойынша төменгі инстанциядағы соттарда бірнеше рет жеңілген. 2019 жылы қараша айында апелляция соты бұрынғы шешімді бекітіп, Mazars бухгалтерлік компаниясын президенттің салық декларациясын Манхэттен прокуратурасына беруді міндеттеген.
Жоғарғы соттың ресми өкілі Кэти Эрберг хабарлауынша, мамыр айында судьялар 10 іс қарайды. Сот отырысының бәрі денсаулық сақтау органдарының ұсынысы бойынша қашықтан өткізіледі деп хабарлайды «Америка дауысы».
Жоғарғы соттың жаңа технология жүгінетін кезі сирек. Мысалы, екі тараптың аргументтері әлі күнге дейін видеоға жазылмайды. Ал нақты сот отырысы кезіндегі сөйлеген сөздер аудиомен жазылмайды. Жоғарғы сот өкілінің сөзінше бұл жолы радиотрансляция арқасында журналистер сот отырысын тыңдай алады.
Азаттық радиосы