Weekend

Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау басты бағытымыз

Бүгінгі күнде жастар саясаты тұғыры биік Қазақстан елінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Жастарына ерекше көңіл бөлген мемлекет қана саяси және әлеуметтік-экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолданған мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үрдістерге тарту мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдайлар жасалуда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекетіміздің қазіргі көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқансарапталсаясатының нәтижесі екені белгілі. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақтыжағдайларжасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Президент жыл сайынғы жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі. Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», - деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020»,«Жас кәсіпкер», «ZhasProject», «Бизнес Бастау», «Серпін», «Жастар практикасы» жәнет.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

Әйтсе де, жастарға жасалып жатқан бағдарламалар туралы жастар қаншалықты хабардар?

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар жылының жабылу салтанатында елде, өкінішке орай, оқымайтын немесе жұмыс жасамайтын NEET деп аталатын жастардың саны өсуде. Және ол біреуін де, екіншісін де жасағысы келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтанушылардың пікірінше, сауалнамаға қатысқан жастардың 20% -дан астамы мектеп бітірген соң үйде болуға мәжбүр. Және төрт жастың үшеуі қоғамдық өмірге қатыспайды және жастарды қолдау бағдарламалары туралы ештеңе білмейді. Жастардың төрттен бір бөлігінен азы аймақтардағы жастардың ресурстық орталықтары туралы біледі және тек 5% -ы оларға жүгінеді. Бұл шындық. Жастар ұйымдары ең алдымен жастардың осы санатымен айналысуы керек. Қолданыстағы қауымдастықтарда креативті тәсілдің жоқтығы кейбір жас қазақстандықтардың жауапсыз және кейде деструктивті қозғалыстардың әсерінен құлдырауына ықпал етеді деген ақпараттарды тілге тиек етті.

Аталмыш проблемалар қазіргі таңда өзекті. Жастарға ақпараттық жұмыстардың аздығынан болар толық ақпарат жетпейді. Биылғы жылы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық жобасы негізінде «Алматы студенттер Альянсы» КҚ «Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау» жобасын жүзеге асырады. Аталмыш жоба аясында мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жобалар мен мүмкіндіктерді жастарға толыққанды жеткізу тетіктері қарастырылған. Жоба шеңберінде вирустық-мотивациялық, түсіндірме бейнероликтер, үгіт-насихат билбордтары, мақалалар мен әлеуметтік желі бойынша түсіндірме жұмыстар, ақпараттық үндеулер және т.б. шаралар қарастырылған.

Жастар саясаты – ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі – еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. «Мемлекеттік жастар саясаты жастарға еліміздің толыққанды азаматы болуға жақсы мүмкіндік беруі тиіс. Ол жастар өмірдегі өзінің жеке табысын іздей отырып, жақындары, өз халқы және Отаны үшін жағдай туғызатын азаматтар болуы тиіс. Мен біздің жастарға сенемін», - деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.

«Алматы студенттер Альянсы» КҚ