Weekend
Ерте оянудың пайдасы қандай?
Әр таң сайын оятқыштың үнін естігенде телефоныңызды қарғап, тағы бірер минут ұйықтауды қалайтын шығарсыз. Бірақ ұйқы режимін ауыстырып, ертерек оянуды әдетке айналдырсаңыз, оның артықшылықтарын да тиісінше бағалар едіңіз.
Айналаңыздағы жетістікке жеткен адамдардың өмірлік дағдысына мән берсеңіз, олар таңертеңгі уақытты ең маңызды істерге жұмсайды екен. Сол себепті ерте тұрудың он түрлі пайдасын сіздерге ұсынып отырмыз.
1. Күніңізді жоспарлауға және оны тиімді орындауға көбірек уақыт табасыз.
Бұл ақылға қонымды дүние. Ертерек оянып, күніңізді сіз сол күні жасауыңыз керек нәрсені жоспарлаудан бастаңыз. Егер сіз әдеттегіден 15 минут ертерек оянсаңыз және сол уақытыңызды жоспарлау үшін пайдалансаңыз, сіз өзін-өзі басқару режиміне өтіп жатырсыз деген сөз.
2. Мінсіз тыныштық уақыты.
Күніңізді тыныш медитациямен, жаттығулармен бастаңыз және таңғы уақытты тиімді пайдалануға тырысыңыз. Таңертең ақыл-ой және физикалық дайындық жасауға мүмкіндік берсеңіз, есте сақтау қабілетіңізді арттыруға үлес қостым деп есептей беріңіз.
3. Тұрақты ұйқы режимі.
Тұрақты ұйқы режимі сіздің демалыс уақытыңызды сапалы етеді.Егер сіз уақытында ұйықтайтын болсаңыз,таңертең шаршап ояну сезімін ұмытасыз.Сол үшін сіз нақты ұйықтау уақытын белгілеңіз. Сонда сіздің ақыл-ойыңыз бен денеңіз белгіленген уақытта демалуға дайын болады.
4. Көбірек энергия мен оптимизм
Таңертеңгілік жақсы жоспарлар энергияны бірінші кезекке қояды. Өйткені бұл өнімділіктің негізі. Энергия - бұл таңғажайып денсаулықтың қосымша өнімі.
5. Жақсы фокус
Таңертең бірнеше минутқа жалғызбын деп ойлаңыз. Күндіз орындауға тиісті мақсаттарыңызға фокус тастаңыз. Оны іске асыру жолын ой елегінен өткізіңіз. Өз мүмкіншілігіңізді дамытуға тырысыңыз. Ойыңызды бөлетін теледидарды қосуға ,музыка тыңдауға немесе дереу әлеуметтік желіні ақтаруға асықпаңыз.
6. Ақыл-ойдың айқындылығы мен шығармашылығы жақсарады
Жетістікке жетуші адамдар ең маңызды жұмыстарын таңертеңгі уақытта жасайды. Себебі, сіздің миыңыз шаршап, қалжырап тұрғанда жұмыс жасауыңыз, тапсырманы шешуге тырысқаныңыз тұманға қарсы жүргенмен бірдей әрекет және мұның артында ешқандай да жетістік жоқ.
7. Денсаулығыңыз жақсара түседі.
Егер сіз таңертең спорт пен фитнеске назар аударатын болсаңыз, көп ұзамай ағзаңыздағы жағымды нәтижені байқайсыз. Спорт-денсаулық кепілі екендігін естен шығармаңыз. Ерте ояну - салмақ жоғалтудың сиқырлы шешімі емес, бірақ үрдіс бойынша, ерте оянатын адамдар, сонымен бірге, жаттығулар жасайтын адамдар ағзасында артық май болмайды.. Спортпен шұғылданатын адамдар - денсаулыққа пайдалы тамақ ішетіндер қатарында.. Дұрыс тамақтанатын адамдар арықтауға бейім, ал арықтаған адамдар өздеріне деген сенімділікті сезінеді және сергек жүреді.
8. Күнделікті өнімділіктің өсуі.
Сіз ертерек оянып, күніңізді мақсатты, айқын ниеттермен бастасаңыз, күні бойына осы мақсаттарға жетуіңіз әбден мүмкін. Ал мақсатты жұмыс жасайтын адамдар жоқтан өзгеге алаңдап, өзгелердің орынсыз әрекетіне энергиясын жұмсамайды және сыртқы ортаның жағымсыз энергиясын қабылдамайды.
9. Сіздің үлкен мақсаттарыңызға жетуіңіз мүмкін.
Егер сіз өзіңіздің уақытыңызды әдеттерге емес, үлкен мақсаттарға жұмсаған болсаңыз, сіз өзіңіз үшін маңызды болып табылатын нәрселерге көп уақыт жұмсай аласыз. Егер сіз ертерек оянсаңыз, сіздің күніңізде көбірек уақыт болады, сондықтан оны ысырап етпеңіз. Бұл уақытты маңызды нәрсеге жұмсаңыз.Әдет мінезге, мінез тағдырға әсер ететінін назарда ұстаңыз.
10. Сіз жоғары үлгерушілердің эксклюзивті клубына қосыласыз
Егер сіз ерте ояну дағдысын қалыптастырсаңыз, Starbucks компаниясының бас директоры Ховард Шульц, Вирджиния тобының негізін қалаушы Ричард Брэнсон, Vogue-де E-I-C Анна Винтур және Apple компаниясының бас директоры Тим Кук сияқты өзін жеңіп, өзгені мойындатқан жандар қатарына қосыласыз.Жақсы ниет пен сәттілік күнін ерте бастайтын адамдар арасында жүреді. Жоспармен ояну мен әлемді өзгерту арасында нақты байланыс бар. Егер сіз жоғары жетістікке жету жолын бастағыңыз келсе, ерте ояну сіздің тізіміңіздегі бірінші міндет болуы керек.