Weekend
Өмірдің мәні
Жалпы "махаббат", "ғашықтық" тақырыбында қалам сілтемеген ақын-жазушылар жоқтың қасы шығар, сірә.
Негізінен қай шығармада болсын жалпы махаббатқа арналмағанымен, ішінде махаббат туралы эпизодтар кездесіп жатады. Кітап - өмірдің өзі десек, осыдан-ақ, "махаббат - өмірдің мәні" екенінін айқын аңғарамыз. Ендеше өзім оқыған махаббат тақырыбыныдағы кейбір шығармалар тізімімен бөлісе кетейін:
1. Б.Нұржекеұлының "Ерлі-зайыптыларын" бірінші тізімге қойдым. Себеп: шығармада махаббат, ғашықтықтан бөлек ер мен әйелге байланысты айтылған жақсы сөздер бар.
2. Ә.Нұршайықов "Мәңгілік махаббат жыры" Бұл кітап - Әзілхан атамыз бен Халима апамыздың көпке үлгі боларлық сыйластыққа құрылған асыл махаббаттарының ескерткіші іспеттес.
3. Ә.Ыдырысов "Таңшолпан" 1- том. Өте нәзік жазылған автордың өз өмірі желісінде жазылған шығарма. Кіршіксіз, пәк махаббаттың бар екеніне дәлел.
4. Ә.Нұршайықов "Махаббат, қызық, мол жылдар" Соғыс жылдарынан кейінгі Ербол мен Меңтай арасындағы көбіңізге таныс махаббат дастаны.
5. Б.Нұржекеұлының "Бір өкініш, бір үміт" романы. Мұнда бас кейіпкер - автордың өзі. Қосыла алмаған алғашқы махаббаты мен қазіргі асыл жарын қалай таңдағанына куә боласыз.
Ал сіз қай шығарманы ұсынасыз?