Bugin
Ұрпақ
Мен – бақытты жастардың бірімін. Мені анам тәуелсіздіктің жарқыраған таңында жарық дүниеге әкелді. Сол үшін де бақытты ұрпақ екенімді түсінемін.
Қасірет шеккен аталарымды аман сақтап қалған киелі қазақ жерінде туып, ауасын еркін жұтып, суынан нәр алып, даласы мен данасынан үлгі алып өсіп келе жатқан ұрпақпын.
Бейбіт қоғамда алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз үшін тәуелсіздігімізге қарызбыз. "Чемпион болу – қиын, ал оны сақтап қалу – одан да қиын" демекші, тәуелсіздіктің қадірін мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен түсініп, зердемізге түйіп келе жатқан ұрпақпыз. "Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін" деп М.Жұмабаев үлкен сенім артқан ұрпағы – бүгінде қалың елі қазағының жалынды, жігерлі жастарымыз.
"Тар жол, тайғақ жолмен" келген ғажап бақытымызды аялай білейік.
Рамазан Турысбеков