Саясат

Онлайн білім беру: 2 486 000 қолданушысы бар «Daryn online» үздіктер қатарында

"Daryn online" платформасының директоры Асқар Мақсатпен сұқбат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде білім беру саласында түрлі өзгерістер орын алып, күннен күнге қарқынды дамып келе жатыр. Соның ішінде онлайн білім берудің қазіргі таңда  адамдардың мол сұранысына ие екендігін көріп жүрміз. Әсіресе, елімізде жарияланған төтенше жағдай уақытында онлайн білім берудің маңызы артты. Бір айда еліміздегі барлық мектеп, ЖОО мен колледжердің білім беру форматы айтарлықтай өзгерді. Карантин режимі басталмай тұрып та елімізде онлайн білім беруді мақсаты еткен платформалар бар. Солардың бірі "Daryn online" білім беру платформасы.  2019 жылдың қыркүйек айында елімізде XXI ғасырдың білім беру форматына негізделген тың жобаның іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде платформаның 2 486 000 бірегей қолданушысы бар. Бүгін Daryn online платформасының директоры Асқар Мақсатпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Асқар мырза жобаға жақында қосылған жаңалықтарымен бөлісті.   

Buginnen basta: Құрметті Асқар Мақсат, биылғы жыл біраз сынақтармен, айтарлықтай дүрбелеңмен басталды. Елде болып жатқан жағдай негізінде білім беру саласында да түрлі өзгерістер болды. Соның салдарынан онлайн режимде білім беруге көштік. Тәй-тәйлап енді ғана онлайн платформа қатарына қадам басқан "Daryn online" білім беру платформасы елдегі алдыңғы қатарлы үздік білім беру порталына айналды. Бізге "Дарын онлайн" платформасы туралы толық ақпарат берсеңіз?

Асқар Мақсат: Daryn.online - сапалы білімді қолжетімді етіп отырған әрі бонус төлеу арқылы баланы ынталандыруға жетелейітн онлайн режимде білім беретін платформа. Жоба 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Платформаға еліміздегі ең үздік мұғалімдер таңдалып алынды. Сол мұғалімдермен ұзақтығы бес минутты құрайтын видеосабақтар түсірдік. Бұл жоба ата-аналар мен оқушылар үшін заман талабына сай негізделіп жасалды. Daryn onlain платформасында оқушылар тек видеосабақпен ғана шектелмейді. Олар тақырыпқа қатысты тест тапсырмаларын орындау арқылы, келесі сабаққа өтіп отырады. 

Buginnen basta: "Daryn onlıne" жобасының артықшылығына тоқталсаңыз.

Асқар Мақсат: Daryn.online артықшылығы деген сөз артық болар, ерекшеліктеріне тоқталайын. Бастысы біз оқушыға мотивация беріп, ынталандыру үшін бонустар береміз. Оқушы өз бетімен отырып Daryn бонустарын жинай алады. Ол бонусты жинау үшін оқушы бірінші дайын видео сабақты көреді. Ол үшін 5 d. алады екінші сол тақырыпқа байланысты 10 тест сұрағына жауап беру арқылы тағы 10 d. (daryn) жинайды. Үшінші сол тақырып бойынша А, Б, С деңгейлі сұрақтарға жауап беру арқылы 16 d. бонусын жинай алады.  Сол бір тақырыпты толық меңгеріп шығып қана қоймай 31d. бонусын жинай алады. Ол бонустар арқылы оқушылар Қазақстан бойынша Топ100 оқушының қатарына іліне алады және 10000, 20000, 40000, 80000 дарын жинаған оқушыларға қосымша сыйлықтар берілетін болады. Атап айтқанда Дарынды оқушы төс белгісі, планшет, соңғы үлгідегі айфон телефоны және тағы басқа сыйлықтар. Тағы бір ерекшелігіміз - онлайн ҰБТ тапсыру мүмкіндігі. Қазіргі кезде бітіруші түлектерге қиын соғып жатыр. Сол себепті 11 сынып оқушылары платформада дайын сабақтарды көріп, сол білімін тексеру үшін Онлайн ҰБТ тапсырады. Сонымен қатар сол жинаған балдары бойынша қай мамандыққа грантқа түсе алатынын тексеретін Анализ функциясы да бар. Міне, бұл жас түлектердің өз саласын таңдауына септігін тигізеді.

Жақында қосылған тағы бір жаңалығымыз бар. Ол оқушылардың жетістігін мұғалімдер бақылап, бағалап  отыру үшін арнайы жасалған, member.daryn.online қосымшасы. Бұл қосымша арқылы мұғалімдер оқушының қаншалықты, қалай сабақ оқып отырғанын бақылап, біле алады. Қосымша демекші, бізде оқушылар мен ұстаздар үшін де қолданысқа ыңғайлы Android және IOS жүйелеріне арналған мобильді қосымшаларымыз бар. Оқимын деген балаға барлық мүмкіндікті қарастырдық.

Buginnen basta: Қазақстандағы ең үздік білім беру жобасы - "Daryn onlıne" - ның қанша қолданушысы бар, сондай-ақ платформаға қанша оқушы тіркелді?

Асқар Мақсат: Бүгінде платформада күнделікті өзгерістер болып  тұрады. Соңғы апта қортындысын айтып өтейін.

2 486 000 бірегей қолданушы, 2 080 000 оқушы өз логиндеріне кемінде бір реттен кірген, 18 472 998 қаралым болған, 78 340 мұғалім member.daryn.online жүйесіне қосылып, күніне орта есеппен 14 минуттан оқушылардың операцияларын қадағалаған. Бұл апталық көрсеткіш. Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар палтформаны белсенді қолданып, білімдерін жетілдіруде. Оқушылар күнделікті нәтижелерімен қуана-қуана бөлісіп отырады. Қазір тіпті, дарын көрсеткіштерімен жарысатын болған. Осындай пайдалы ақпараттарымен бөлісіп отыру үлкен жетістік деп білемін.  

Buginnen basta: Асқар Мақсат, Дарын онлайнның өзге жобалардан айырмашылығы - білім беру ұзақтығында. 5 минуттың ішінде оқушының өзіне қажетті деңгейде білім алу мүмкіндігі қандай?

Асқар Мақсат: Иә, оқу үрдісі бізде асинхрорды форматта жүйеге асады. Яғни мұғалім мектептегідей үй жұмысын сұрау, сынып жұмысын орындау, оқушыларды түгендеу, тағы басқа уақыт алатын әрекеттерді алып тастап, тек сабақты 5-10 арасына сыйдырып түсіндіретін болады. Бұл біріншіден, оқушының сабақ оқып отыру барысында барынша концентрациясын бір жерде ұстауға көмектеседі. Екіншіден, нақты мағлұматтар ғана айтылады. Біздің жасаған тәжиірбемізде де оқушыға кез келген тақырыпты 5 минутта түсіндіруге болатынын дәлелдеді. Бір шетінен 5-10 минуттық видеосабақтар оқушыны жалықтырмайды. Тақырыпты бес минутта түсініп, ары қарай тестпен жұмыс істейді. Егер тесттен қателік кетсе, тақырыпқа тағы бір мәрте оралады.

Buginnen basta: Оқушылар мен ата-аналардың онлайн платформаға көзқарасы қандай? Оқушылардың сабаққа қатысу, қызығушылық белсендігі жоғары ма?

Асқар Мақсат: Біз осы қашықтықтан оқыту форматқа ауысқалы көптеген қызық жаңалықтарға жолығып жатырмыз. Ең қызығы – мұғалімдер мектеп кезінде тұйық болып, сабақ айтудан қысылып жүрген балалар, қашықтан оқу кезінде өте белсенді және көптеген үздік оқушылармен қатар деңгейде өздерін басқа қырынан көрсетіп жүргенін айтады. Бұндай жаңалықтарды есту командамыз үшін өте қуанышты жайт. Платформа арқылы оқып жатқан оқушыларымыз өте белсенді. Қазірдің өзінде 10000 d. бонусынан асқан Қазақстанның түкпір түкпірінен көптеген оқушыларымыз бар. Олардың саны 21-ге жетті. Одан бөлек енді 10000-ға табан тіреген көптеген оқушы бар. Бұл - біз өз мақсатымызға жетуде дұрыс жұмыстар атқарғанымыздың жемісі деп білемін. Платформаның арқасында Қазақстан дарындылары артып жатса өте қуанышты жағдай емес пе?!

Buginnen basta: Жобадан осы жылы қандай нәтиже күтесіз? Жалпы, алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар?

Асқар Мақсат: Қорыта айтқанда, Daryn.online карантин біткеннен кейін де өз жұмысын жалғастыратын болады. Қазақстанның дарындыларының санын арттыру мақсатында көптеген қосымша сапалы сабақтар қосылатын болады. Әзірге ҰБТ-ға, НЗМ, РФММ, БИЛ, Роботехника курсы, сөйлеу мәнері секілді сабақтарды қосуға дайындықтар жасалып жатыр. Сонымен бірге алдағы уақытта, басқа мемлекеттің нарығына шығу жоспарда бар.

Құрметті ата-ана, балаңыздың сапалы білім алуы сіздің қолыңызда. Балаңызды платформаға тіркеңіз де, дарынды баланың мүмкіндігін ашыңыз. Себебі, кез келген бала дарынды болуға лайық. Ал баланың дарынын ашуға мүмкіндік беру ата-ананың қолында.

Buginnen basta: Асқар мырза, сұқбатыңызға көп рақмет! Алар асуларыңыз таусылмасын. Еңбектеріңізге табыс тілейміз!