Қоғам

Бәлкім, қазірден бастармыз?

Өмір ахуалы өзіміздің қолымызда...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зырғымалы уақыт демімен өмірлік ахуалымыз айналдарған екі-үш күн ішінде-ақ бұлыңғыр аурудың быж-тыжы астында қалғандығы көрер көзбен естір құлаққа аян. 

Қит етіп, тіршілік артынан тырысып бағысқан жанның да жұмыстары төрт бұрышқа бұғатталып, телміреген терезедегі  мысықтың күйін кешудеміз. Қырбалаң жоспардың жорықтары жиылыстырылып, қалың халықтың жиысар жерлері тұйықтала кетті. 

Әлеуеті қақ жарып, босағадан төрге дейін дүйім жұрттың долана көңілінен шығысып, әңгіме болып келген әншілердің, әртістердің, блогерлердің әп-сәтте-ақ адам өмірі үшін, қоғам үшін маңызды еместігін айқындап берді. Жоғары бағаланған, жалпақ құлдырау мезетінде халық арасынан жорғалай жоғалысқан бұл жандардың қажеттілігі бір тиынмен ұштасты.

Есесіне, фәни жырағында “амандық тілескен” адамзат баласының қауіптілігіне жауапты ішкі істер қызметкерлерінің, дәрумен іспеттес дәрігерлердің, қоғамдық көліктегі жүргізушілердің, тілсіз жаумен күресер өрт сөндірушілердің, жарық сыйлар электр мамандарының қандай ілтипатқа, қандай бағалау деңгейіне әбден лайықты екендігі санаға бірден құйылды. Осы жандарсыз қылбыр қараңғылық пен солдыр салқындықта күн кешетіндігімізді таяқтың ұшы тигенде ғана түсіністік.

Бәлкім, шынайы бағалауды, қадірлеуді қазіргі сәттен бастармыз? Бәлкім, шындыққа тікелей қарасармыз? Өмір біздікі, тіршілік біздікі, жылулық та бізбен болыссын...