COVID-19

Коронавирус және тәкаппарлық

Философиялық талдау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Корона - сөзінің қазақшасы тәжі, бұрынғы заманда патша, хандар киген. Қазіргі кезде түрлі байқауларда "үздігі" деп тәж кигізіп жатады, философиялық мағынасы бірінші, басшы деген түсінік білдіреді және пандық пен менмендік қасиеттерін тартушы, ойымызды түйіндесек тәкаппарлық.

Вирус сөзін айтпайақ түсінікті қарапайым тілмен айтсақ - қауіпті жұқпалы ауру, дереу көзің құрту керек деген дабылды сездіреді.

Бұл вирустың негізгі қозу орны тамақ, өкпе яғни кеуде тұсы екен. Кеуде сөзінің мағынасы да такаппарлықтың символының бірі. 

Әлемді дүр сілкіндірген аурудың сөздік  метафорасы такаппарлыққа жақын келеді.

Тарихта қауіпті індеттердің аттары әртүрлі, бірақ осындай адамның рухани дүниесіне жақын атау осы заманда шықты...

Қазіргі замана шынымен адамдар такаппар болып кеткен. Менің ойымша себебі бәрі тең болуы, әрине теңдік жаман емес бірақ такаппарлықтың басты себебінің бірі...

Сен кім едің? Осы сұрақты жиі ұрыс-керіс кезінде жиі естиміз біреуге сын айтсақта осындай жауап аламыз. Ал жақсы бұл сұраққа жауап ретінде "адаммын" делік, әрине күлкінің астыңда қаламыз. Бұл сұраққа белгілі бір лауазым иесі және қаржылық күші бар деген жауап тұруы керек сияқты. 

Тәкапбарлық ХХІ ғасырдың рухани ауруы, себебі барлық әлеуметтік топтарда көрініс табуда, еңді осыған орай коронавирус деген биологиялық  ауру шықты. 

Айтқым келген ойым вирустын емі табылмаса да рухани ауруымыз тәкапбарлықты емдейік, үйдегі азық- түлікті елге мақтаныш ретінде көрсетіп жеуге нан табалмай амалсыз отырған бауырларымызға қиянат жасамайық.