Көзқарас

Кеміргіштің кесапаты

Памфлет өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбектенбей ақша голдқа түспейді екен,

Бір қазанда бастарыңыз піспейді екен.

Үйден шықпай отырсаңыз бір ғанибет

Үйден шықсаң "шықпа" деп те күштейді екен...

Дым бітірмей, болдық біздер маубас мысық

Тіпті, ызғарлы Нұр-сұлтанда күнде ыстық...

Табиғаттың керемет күн райына

Тамсанып отырғаннан іште пысты.

Іш пысқаннан біреулері түсірді "TIk-tok"

Көп ішінен үздіктері болды хит-топ

Жата беріп, үйден шықпай жалыққандар,

Дүкендерге мың жүгірді дара ит боп

Озықтардан кітап қалмай оқылмаған,

"Кітапхана жабық қой" деп тоқылдаған.

Электрондық кітаптарды құдай беріп,

"Соқыр болып қалмасам" деп солқылдаған.

Инста әлемге барғанын салар жұмыр бастар,

Тек қана енді жегенін салып әуре болған.

Жаман жаңалық айтқандар қарғыс алып,

Жақсы жаңалық айтқандар әулие болған.

Қашықтықты ғашықтықпен шатастырып,

Онлайн тіпті қыз-жігітті атастырдық.

Адасқандар әр қалада із тиылып,

Төрт көзіміз түгелденіп біз жиылдық.

Күйін кештік телефонға телміргіштің,

Күндер өтіп,түзелер,бітер бәрі,

Бұл уақытша кесапаты кеміргіштің…