Көзқарас

Заманға көз сал, қарашы...

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заманға көз сал, қарашы...

Байқайсың ба?!

Көбеюде ағайынның аласы,

Көбеюде өнерге емес, көп тиынға әркімнің-ақ таласы

Байқадың ба?!

Адамдардың бір- біріне өзгерген көзқарасы,

Бір біріне көбейген назы менен наласы.

Байқайсың ба?!

Пәк адамға дақ жұқтырған жалғандардың жаласы,

Ем таба алмай сан пенденің асқынуда жарасы.

Байқадың ба?!

Көбеюде қолдан-қолға секірген сұм дүниенің парасы ,

Алшақтаған әділдіктен бұ заманның арасы.

Байқайсың ба?!

Таусылуда көп пенденің амалы мен шарасы, 

Өз-өзіне қол жұмсаған көп адамның баласы.

Заманға көз сал, қарашы...

Улағандай ащы су біраздардың санасын,

Жетімхана көбейіп іздеп жүр жетім анасын.

Қарттар үйі көбейіп,

Ұмытты олар панасын.

Заманға көз сал,қарашы...

Әйтеуір бәрі асығыс,

Көлікпен- көлік соқтығып,

Көбеюде қақтығыс.

Заманға көз сал, қарашы...

Қыздар көп ерте бойжеткен,

Келін боп талай өзге ұлтқа,

Сол кеткеннен мол кеткен.

Заманға көз сал, қарашы...

Жұмыссыздар жүр қаншама!

Қалталылар биікте,

Ақшасыздар жүр жаншала.

Заманға көз сал, қарашы...

Ойланып барып іс істе.

Сол болмақ сонда замандас,

Жолдардың ең сарасы.