Көзқарас
Қашықтан оқытудан кейін
Қашықтан үйде отырып оқыған ұл-қызымызға аз күн ұстаз боламыз деп ата-аналардың көпшілігі ұстаздардың жәй күнде елене бермейтін ерлікке тең еңбектерін мойындап қалды.
Иә. Ыбырай Алтынсариның «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені, мұғалім – мектептің жүрегі» деген аталы сөзін жанымызбен ұғындық.
Әлемге аты жайылған Александр Македонский «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ұстазым Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» деген екен.
Аристотельдей ұстаздың ұлылығын осындай шоқтығы биік шәкірттері танытты. Біздің ұл-қыздарымыз да мықты мұғалімдерге лайықты оқушы бола білсе, біз бағындырмайтын белес жоқ.