Шымкент
Әлеуметтік жәрдемақы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың түсіндіруі бойынша аталған 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН адамдар ала алады.
« – Әуелі өздеріңіз үшін – менің жағдайым осыған жата ма жатпай ма дегенді шешіп алыңыздар!
Оны, өтініш бергенде төмендегі жазба есіңізге тағы да бір салып қояды. Соған сенімді болсаңыз, – алға!
Бірақ егер төтенше жайғдайға дейін жұмыс (ресми, бейресми) ЖАСАМАЙ КЕЛІП, енді, беріп тұрған 42500 теңге ала салайын деп БЖТ (ЕСП) төлеудін қажеті жоқ», дейді министр.
Сонымен 42500-ді КІМ АЛА АЛАДЫ?
1. Жалдамалы жұмыскер, егер оны ақысыз демалысқа жіберген болса. Мемлекеттік мекемеге тарамайды.
Сіз үшін өтінішті жұмыс беруші өткізу керек. Бірақ, егер жұмыс берушіңіз осы күнге дейін «ұйықтап» жатса, өзіңіз беру мүмкіндігін қарастырып қойдық (мекеменің БИН көрсету арқылы). Сіз ештеңе төлемейсіз. Себебі, Сіз ресми жалдамалы жұмыскерсіз.
2. Жеке тұлға. РЕСМИ жұмыс жасап жүрген. Жеке кәсіпкер (ИП), немесе ресми БЖТ (ЕСП) төлеп жүрген кәсіпкерсіз. Егер соңғы 12 айда бір ғана әлеуметтік төлем жасаған болсаңыз және мен төтенше жағдай салдарынан табысымнан айырылдым деп санасаңыз, – алға!
Жоғарыдағы ЕКІ МЫСАЛ бойынша Сіздің зейнеткер, мүгедек, не жәрдемақы алушы болғаныңыз ЕШ КЕДЕРГІ болмайды.
3. БЕЙРЕСМИ жұмыс істеген болсаңыз. Еңбек шартыңыз болмаған, ИП жоқ, БЖТ (ЕСП) төлеген емессіз ешқашан. Сіз осы күнге дейін ешқандай заңды сақтамай жұмыс істеген екенсіз. Бірақ, төтенше жағдайда, оған «көзімізді жұмамыз», Сізге де 42500 алуға болады.
Ол үшін Сіз өзіңіз үшін шешіңіз – мен шынайы төтенше жағдайға дейін бейресми болса да тіршілік, ЖҰМЫС ЖАСАҒАНМЫН деп! Сосын, алдын ала (бір күн бұрын) БЖТ (ЕСП) бір рет төлеңіз. Кейін өтінішіңізді беріңіз, ол кезде соңғы рет жазбаны тағыда оқып – ИӘ, бейресми жұмыс істегенімді растаймын деп өзіңізге жауапкершілік алып қоясыз.
Сонда Сізде барлығы сәтті болады.
Бірақ, егер Сіз бейресми де жұмыс ІСТЕМЕГЕН болсаңыз, төтенше жағдайға дейін РЕСМИ ЖҰМЫС істемеген зейнеткер, мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен алушы болсаңыз, Сіздерге, кешіріңіздер, 42500 теңге болмайды. Кәмілет жасқа толмаған балаларға да болмайды.
Бұл жағдайда 42500 теңге аламын деп БЖТ (ЕСП) төлеп әуре болмай-ақ қойыңыздар.
Себебі бұл төлемнің мәні басында айтқандай – ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН адамдар үшін.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік төлемді қателесіп алғандар банктердің мобильді қосымшасы арқылы оны қайтара алады. Немесе мына реквизит арқылы төлемді кері аударуға болады:
42500 теңгені қайтаруға арналған реквизит:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ»
Бенефициар БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ67009SS00368609110
БСН: 160440007161
БеК: 11
ТТК: 049
Еске салайық, 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек төтенше жағдай режимі енгізілген кезде табысы мен жұмысынан айырылған азаматтарға арналған.
2020 жылғы 16 сәуір, сағат 15.00-дегі жағдай бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған 202 857 шымкенттіктің 152 805-іне немесе 75,3%-ына 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленген.