COVID-19
Тағы 21 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 16 сәуір кешкі сағат 17:15-те 21 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - 11, Алматы қаласында - 5, Қостанай облысында - 2, Жамбыл облысында 3 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1362 адамға жетті:
Алматы қаласы – 398
Нұр-Сұлтан қаласы – 316
Қызылорда облысы – 131
Қарағанды облысы – 84
Ақмола облысы – 81
Атырау облысы – 70
Түркістан облысы – 49
Жамбыл облысы – 53
Шымкент қаласы – 43
Солтүстік Қазақстан облысы – 29
Алматы облысы – 29
Батыс Қазақстан облысы – 25
Ақтөбе облысы – 14
Маңғыстау облысы – 12
Павлодар облысы – 13
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Қостанай облысы – 7
17 науқас қайтыс болған. Барлығы 273 адам айыққан.