Қоғам

Он екі айдың сұлтаны Рамазан

Сауапты іс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құдайға шүкір, қасиетті рамазан айына да аман – сау жеттік. Көп ұлтты мемлекет болсақта заты қазақ еліміз ежелден мұсылман екені жасырын емес. Барлығымызға аян мұсылманның бес парызының бірі шамасы жеткен адамның ораза тұтуы. 

Ораза дегеніміз таңға қарай сәресін ішіп, күн батқанша сусыз, нәрсіз Жаратушыға құлшылық етіп, барынша игі істермен шұғылдану қажет. Ежелгі араб мұсылмандар тарихына үңәлсек ораза туралы көптеген хадистер мен мысалдар келтіріледі, оның өзі сахабалар мен пайғамбарлар үшін аса маңызды айлардың бірі екенін көрсететін дәлел, мысалға алсақ Ибн Омардың (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген:

«Ислам діні мына бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа тәңірдің жоқтығына куәлік келтіру, Мұхаммедтің Құдайдың құлы әрі елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау». (Бұхари, Иман 1; Мүслим, Иман 19.)

Әбу Хұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз(с.ғ.с)  былай деген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алладан ғана күтіп, ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі». (Бұхари, Саум 6; Мүслим, Сиям 203.)

Әбу Хұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  былай деген: «Жаңа туған айды көргенде, ораза ұстаңдар, ал жаңа туған келесі айды көргенде, ораза ұстауды доғарыңдар». (Бұхари, Саум 11; Мүслим, Сиям 4.)

Әбу Хұрайраның (р.а.) риуаят етуінше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  былай деген: «Ұлылығы шексіз Алла Тағала: Адам баласының ұстаған оразасынан басқа барлық амалдары өзіне. Ал оразаның жөні бөлек. Өйткені, ораза Менің разылығым үшін ұсталады. Сондықтан да, оның қарымын (сауабын) Өзім беремін – деген». (Бұхари, Саум 9; Мүслим, Сиям 163.)

Хадистерден байқасақ сауабы мол айдың қоғамға берері көп. Расында оның нәтижесі, адамдардың намазға жығылғаны да бар, намазхан емесі де бар барлығы күнәдан тазарып, Аллаға мінәжат етуге мешітке жиналады, жамағатпен намаз оқып, бір – біріне жақсы тілектер айтып, жақсы аһнасихат уағыздар тыңдап қайтады. Жақсы уағыз тыңдап келген ер де, әйел де отбасының әрмен қарай жанұя болып бекуіне екі жақтап тырысады, бір сөзбен рамазан айы тәрбиелеуші бір айлық лагер секілді. Лагерге кеткен бала ата – анасын сағынып қадірін түсінсе, рамазан айы тек ата – ананың ғана емес, өмірдегі барлық құндылықтарды ұғындырады. 

Қасиетті айдың пайдасы бұнымен бетпек емес. Сонымен қатар бұл ерекше айдың адам денсаулығының жақсаруына қосар үлесі орасан зор. Осы бір әлемнің басындағы күнді көлеңкелеп келген аты жаман індеттің жаппай таралуынын әрекетінен быйл ораза ұстауға бәлки көпшілігі қорқып жүрген сынайлы. Яғни иммунитетім әлсіреп кетеді деген сынайлы ойлар мазалауы мүмкін. Ендіші қорқынышыңызды сейілтіңіз себебі ғалымдар ораза иммунитетті қалпына келтіретінін дәлелдеген. «Ораза – иммцндық жүйені жаңартады» бұл деректі Калифорния университетінің ғалымдары келтірді. Олардың зерттеуінше, ораза жас адам түгілі, қарт адамдардың да имундық жүйесін қалпына келтіреді екен. «Ол ағза жасушаларына жаңа ақ өан клеткаларын шығара бастайды. Ал ақ қан клеткаларының негізгі қызметі – инфекциямен күресу екені белгілі. Ораза кезінде ағзадағы лейкоциттер, яғни ақ қан түйшіктері жаңарады. Сондықтан да кейбір дәрігерлер химиртерапия қабылдаған адамға ораза ұстауға кеңес береді», - дейді геронтология және биология ғылымдаының докторы, профессор Вальтер Лонго.

«Ораза кезінде адам жаңадан энергия, күш – қуат жинайды. Себебі, бұған дейінгі зақымданған, қажетсіз клеткалар қайтадан қалпына келеді»,- дейді ғалым.

Негізгі нақты ғылыми деректерге жүгінсек, ораза ұстаған адам алдағы бір жылға қуат алады. Сонымен қатар ораза қанның құрамындағы қанттың құрамын ретке келтіріп, диабет ауруына ұшыраудың алдын алады. Тіпті ерте қартаюды да болдырмайды дегенде дәлелдер бар.

Ораза кезінде адам тамақ пен судан белгіл бір уақытқа дейін бас  тартады. Соның нәтижесінде сырттан тамақ келмегендіктен, ішкі ресурстар жұмылдырылып, іштегі артық майдың қоры азаяды. Ораза – ағзаны артық токсинен тазалайды, микроб пен ауруларды жояды.

Бүгінгі таңда ислам дінін ұстанушылар мен қатар өзге дін өкілдеріде ораза ұстаудың пайдаларын мойындап рамазан айында ауыз бекітуге қарсы еместіктерін көрсеткен. Деседе, әлемдердің раббысының разлығы үшін ұсталған ораза сауабы мен сыйынан құр қалдырмайды, ендіше ниеттеріңіз қабыл болып, тілеген тілектеріңіз бір Алланың қалауымен қабыл болсын.

Сара ХАЙДАРОВА