Weekend

Мектептерде соңғы қоңырау болмайды - Шолпан Каринова

Вице-министр Шолпан Каринова биыл 9 және 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың болмайтынын тағы бір мәрте еске салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептердегі соңғы қоңырау шарасын өткізуге қатысты пікір білдірді.

Вице-министрдің айтуынша, биыл 9 және 11-сыныптарда қорытынды аттестаттаудың болмайды. Сонымен қатар мектептерде емтихан да болмайды. Ал аттестаттар жылдық қорытындының негізінде беріледі.

"Ал енді соңғы қоңырау мәселесіне келер болсақ, бұл – оқу жылы аяқталған кезде өтетін салтанатты шара. Қазір оқушыларға қашықтан білім беріліп жатыр, егер жағдай өзгермесе, соңғы қоңырау болмайды", - деді Каринова.