Weekend
Отбасымен көруге арналған фильмдер
1. Аладдин (2019, АҚШ)
Сюжет бойынша Аладдин атты жас ұры Жасмин ханшайымға үйлену үшін ханзада болуды қалайды. Ал Аграба уәзірі Джафар қаланы жаулап алғысы келіп, ғажайыптар үңгірінде сақтаулы тұрған сиқырлы шамды алуға тырысады. Ол үңгірге жүрегі таза, «қырланбаған алмаз» деп аталатын адам ғана кіре алады. Ал бұл адам – Аладдин.
Бұл - британдық ең танымал режиссерлердің бірі Гай Ритчидің туындысы. Бала кезден таныс әуендер мен жаңа музыкалық нөмірлерді Мэн Масуд пен Наоми Скотт, сондай-ақ Джиннің рөлін Уилл Смит сомдайды.
2. Бекзат (2019, Қазақстан)
Бұл фильм - қазақтың чемпион ұлы Бекзат Саттархановтың құрметіне түсірілген. Аталмыш фильмге Бекзат Саттархановтың спорт саласындағы 4 жыл өмірі арқау болған.
Басты рөлде актер Асылхан Төлепов ойнайды. Сонымен қатар, Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа, Майра Омар, Артур Төлепов тәрізді актерлерді де осы фильмнен көруге болады. Биографиялық кинофильмді 2012 жылы режиссер Ермек Шахмет қолға алған болатын.
Кішкентай ауылда 90-шы жылдардағы қиын жағдайда өскен Бекзат алғашқы күндерінен бастап өзінің бокс секциясында өз талантын көрсетті және Қазақстан спортының аңызына айналды. Олимпиадалық жеңістен бірнеше ай өткен соң ол көлік апатында қайтыс болды. Ол небәрі 20 жаста еді.
3. Hello ауыл (2016, Қазақстан)
«Hello ауыл» фильмінің бас кейіпкері «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен қаладан ауылға келеді. Жас жігіт мұғалім болып жұмыс істейді. Ауылда жүрген жас мұғалім балаларға оқу мен жазудың барлық даналығын жеткізуге тырысады. Мейірімді және қызықты жігіт ауыл балаларымен тез арада достасады. Кейіпкер мұнда өзін өте жайлы сезінеді. Ол сүйіктісін ауылда кездестірген кезде, бұл бағдарламаның өмірінде шешуші рөл атқарғанын түсінеді.
4. Болашақтағы жер (2015, АҚШ)
Шындыққа сәйкес болашаққа негізделген мифтік жер бар. Қазіргі адамдардың өмірі соған байланысты. Бұл – фильмеді негізгі ой.
Фильмде жақсы жігіт рөлі Джордж Клуниге, ал жаман мырзаның образы Хью Лориге («Үй дәрігері») жүктелген. Режиссер - Брэд Бирдтің туындысы фантастика жанрын сүйіп көретін көрерменге арналады.
Сюжет бойынша жасөспірім қыз бен өнертапқыш, дарынды андроид өздері білетін әлемді сақтау үшін басқа өлшемге көшеді. Бейтаныс әлемде оларды не күтіп тұр?
5. Робо (2019, Ресей)
Кішкентай Митя зертханадан қашқан ақылды роботты кездестіреді. Ол роботты жасырып қалу арқылы нағыз досын табады. Режиссер Сарик Андреасянның «Робо» отбасылық фильмі графиканы шынайы актерлікпен үйлестіреді. Фильмде басты рөлді Даниил Муравьев-Изотов сомдады. Ал көңілді және сүйкімді Робо Сергей Безруковтың дауысында сөйлейді.
Роботехника инженерлері ерлі-зайыпты Виктор мен Надежда Приваловтар құтқарушы-робот A-112-нің эксперименттік прототипін жасайды. Прототипті сынауға арналған комиссияны ТЖМ генералының өзі басқарады. Приваловтардың баласы Митяға бөлетін уақыты жоқ және олар баланың үлкен проблемаларын көрмейді. Ата-анасы оны физика-математикалық бағытта оқытатын мектепте білім алуға мәжбүрлейді. Бірақ Митяның нақты ғылымдарға қарағанда комикстермен айналысқысы келеді.
6. 72 сағатта үйлену (2016, Қазақстан)
Бала кезінен Бақытты атасы мен әжесі тәрбиелеген. Жігіттің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болған. Сондықтан ол өскенде атасының сөзін жерге қалдырмауға тырысты. Бақыт өзінің атасының бар үміті екенін жақсы түсінеді. Өйткені атасының баласы қалыңдығымен бірге ерте қайтыс болды емес пе?!
Бірде қарттардың көңілін көтеру үшін, Бақыт үйленгісі келетінін және Астанадан қалыңдықты әкелетінін хабарлады. Жігіт өте жауапты болғандықтан тіпті үйленетін күнді белгіледі. Ізгі хабар тез тарады. Енді бүкіл ауыл тойға қызу дайындық үстінде. Бәрі жақсы басталған сияқты, бірақ кейіпкерді көптеген шытырман оқиға күтуде...
7. Тақырбас бала күтуші: Арнайы тапсырма (2005, Канада)
Вин Дизель бұл фильмде комедиялық оқиғаны баяндайды. Оның міндеті - өте маңызды үкіметтік жобада жұмыс істеп, оны өз үйінде жасырған ғалымның балаларына қарау. Шэйн Вульф - АҚШ Әскери-теңіз операциялық күштерінің ең жақсы агенттерінің бірі.
Бұл іссапарда аталмыш агент Мэриленд штатындағы Бейбітшілік қаласына барды. Вульфқа құпияны шешіп, тіпті бір жасқа толмаған ғалымның балаларын қарау міндеттелді. Супер агенттің бала күтушісіне айналғаны қызметіне деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетеді.
8. Off-line демалыс (2019, Қазақстан)
«Off-line демалыс» фильмінің басты кейіпкерлері - үш дос. Олар әлі студент, бірақ кәсіп бастауды мақсат етеді. Қиял жетегінде жүрген олар балаларға арналған лагер ашады. Онда балаларға өмірдің мәнін түсіндіргендей болады. Студенттердің қиялынан туға идея іс жүзінде жүзеге асады. Олардың қуанышында шек жоқ. Балалардың көңілін табу біз ойлағандай оңай ма екенін осы фильмнен толық көруге болады.
9. 2+1 (2016, Франция)
Омар Си мен Клеменс Поэси әйгілі мексикалық режиссер Уго Желеннің туындысында. Бұл - отбасымен көруге арналған фильм. Сюжеті бойынша әке мен қыздың арасындағы сүйіспеншілік пен отбасылық өмірдің қызықтарын баяндайды. Қызын жалғыз өзі тәрбиелеген әкенің алдынан үлкен қиындық шығады. Глорияны бала күнінде тастап кеткен анасы қыз өскенде оны әкесінен айырғысы келеді. Ал Сэмюэль қызынан алшақатап қалуды қаламайды. Алайда... Сэмюэль мен Глорияның отбасылық пиғылын жойғысы келетін қыздың анасы қызын қайтарып, оны Америкаға апарады. Бұл жанұялық драма қалай шешіледі?
10. Үйге барар жол (2019, АҚШ)
Таңғажайып ит Белла иесі Лукасқа оралу үшін жүздеген шақырым жол жүреді. Ормандар мен таулар арқылы қауіпті саяхат кезінде ол жаңа достар кездестіреді. Балалар мен ересектерге арналған шын жүректен шыққан «Үйге барар жол» фильмі Брюс Камеронның «Ит өмірі» кітабының сюжетіне негізделген. Ақылды жануарлармен бірге фильмде Эшли Джудд, Александра Шипп, Крис Бауэр және басқалары ойнайды.