Bugin
Отандық туризм
Жеті кереметтің бірі - Шарын шатқалы.
Күз. Таңғы уақыт. Ерекше сезім. Даланың әдемілігі сонша өзіне бірден баурап алады. Сарғайған жапырақтар алтын түске боялған жер, үстінде келе жатқан мен бір ханшайым тәріздімін. Жаңбырдан кейінгі даланы жеткізу мүлдем басқа сезім. Осылай таңғы ерекше сезіммен, толқулы көңілмен 62-ші нөмерлі автобусқа отырып, Тұран университетінің қабырғасынан түстім. Жиналып жатқан жайма шуақ группаластастарымды көріп, толқыған көңілім бір серпілді.
Баршамыз жиналып Алматыдан 193 шақырым қашықтықта орналасқан көненің көзі, қазақтардың байтақ жерінің бірі- Шарын шатқалына жолға шықтық. Иә, жол 5 минуттық жер емес, бірақ бес сағаттық жолымыз қас қағым сәтте-ақ өтіп кетті. Ән айтылып, өлең оқылып, сол жақтан шыққан асыл тұлғаларымыз жайлы мағлұматтар естіп, біраз дүниеге қанық болып, Шарын шатқалынада жеттік.
Мұндағы сезім мүлде басқа. Бәріміз бірге Шарынның тұңғиығына батып келеміз, біріннен бірі өтетін мына көріністерді ауыз толтырып жеткізу мүмкін емес. Щатқалдан ежелгі суретшілердің туындыларын көруге болады, аңдардың бейнесін, киіз үйлердің бейнесі осылардың бәрі бұрынғы уақытта аңшылық пен саятшылықтың болғаның нақты айқындап беріп тұрғандай. Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені де өзінше көрік беріп тұр.
Осылай кең алқапты ақырындап басып, таң тамаша болып, қазақ жерінің ауыз толтырып айтатын көрікті жерін басып, толқыған көңілімізді енді түсінгендей болдық. Иә, бұл әсерлі сәт мәңгілік жадымызда сақталды. Осындай қазақ жерінің кереметтілігі әр кез бір бақытқа бөлейді. Осындай елде туғаныма - Бақыттымын.
Жобалаева Дана
Тұран университеті