Weekend

12 млн оқиға: «Сергек» карантинде кімдерге айыппұл салады?

Төтенше жағдай режимінде «Сергек» жүйесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәртіп бұзушыларға негізсіз қалаға шыққаны үшін алғашында ескерту жасалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Тексеру жүргізушілерге қатысты жасалады. «Сергек-патруль» базасына автокөлік тоқтаған кезде полицейлер жүргізуші мен көліктің деректерін: ЖСН, көліктің мемлекеттік нөмірі және жүргізушінің нақты тұрғылықты жері мен жұмыс орнын енгізеді. Негізсіз қалаға шыққан тәртіп бұзушылар алғашында ескерту алады. Екінші мәрте тәртіп бұзған жағдайда Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 10 АЕК айыппұлдан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

«Қайта тексеру кезінде, егер ақпараттық базаның мәліметтеріне сәйкес, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер алудан басқа мақсатта, маршрутты негізсіз бұзғаны анықталса, жүргізуші ҚР ӘҚБК 476 бабы («Төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта базада ТЖ кезіндегі құқық бұзушылықтар есептелуде. Күн сайын «жұмыс – үй» қағидаты бойынша автокөлік жүргізушілерінің деректері енгізіледі. ТЖ режимі мен карантин тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар бүгінгі күні өзекті.  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 13 000 «Сергек» камерасы бар. Ол күніне 12 млн-нан астам оқиғаны өңдеуге мүмкіндік береді.

Азаттық рухы

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61