Саясат
Қазақсан мен Иран арасында жасалған тұңғыш әдеби меморандум
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com2018 жылдың 20-21 қыркүйек күні Астана қаласында халықаралық "Еуразия әдеби форумы" өткен болатын.
Форумды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы тарапы және Қазақстан Жазушылар одағы. Екі күнге созылған талқылау кезінде Иран мен Қазақстан арасында әдебиет саласында тұңғыш рет жасалып отырған меморандумға қол қойылды. Жалпы ислам республикасы ретінде Иранның сыртпен мәдени байланыс орнатуы үлкен қадам болып саналады. Бұл туралы Иран БАҚ саласы жаппай жарыса жазып жатыр.

Иран БАҚ беттерінде жарияланып жатқан мақаланың мәні мынадай: "Үстіміздегі жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласында Еуропа мен Азияның 50 елінің ақын-жазушылары жиналып, әдебиеттің бүгінгі мәселелерін талқылағанын, бұл үлкен басқосуға Ираннан Хади Киасари мен Джавад Аxмади қатысқандарын, Олардың бұл конгресте сөз сөйлеп, Иранның қазіргі заман әдебиетімен таныстырғанын жазады. Сондай- ақ, аталған конгрес аясында Иран мен Қазақстан жазушылар одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды дей келе, меморандум баптарына тоқталған. Сондай-ақ барлық ақпарат құралдары, бұл құжаттың Иран мен Қазақстан тариxында әдеби салада қол қойылып отырған алғашқы құжат екеніне баса назар аударған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61