Экономика
15 000 теңге төлеу тәртібін түсіндірілді
15 мың теңгеге өтінім қабылдау жұмысы әкімдіктер арнайы жүйені іске қосқаннан кейін ғана басталады.
Ресми хабарламада коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу тәртібі ағымдағы жылдың 18 сәуірінде бекітілді делінген. Министрліктің айтуынша, бүгінгі таңда әкімдіктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Әкімдіктер өтінімдерді қабылдайтын арнайы жүйені дайындағаннан кейін ол жайында жергілікті халықты хабарландырады екен.
Бұл коммуналдық қызметтер өтіні жіберген барлық адамға сәуір және мамыр айлары үшін төленеді. Сол себепті өтінім беруге асықпауға болады.
Олардың айтуынша, өтінімдер call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы қабылданады. Әкімдіктерге тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшоты туралы ақпарат ұсыну қажет.