МӘДЕНИЕТ

Бір сен үшін...

Махаббатқа әмір жүре ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында Азамат Сатыбалды мырзаның «Бір сен үшін» атты драмасын тамашалаған болатынмын. Не дегенмен де, керемет әсер қалдырды. Мағынасы терең, жоғары деңгейде түсірілген. 

Сол себепті болар, аты Қазақстанға мәшһүр бола қоймады. Жұрт арзан фильмдерге үйреніп қалған ғой, шамасы. Бұл фильм сегіз жыл бойы бала сүйе алмай келе жатқан Айжан және Асқар дейтін қос ғашықтың қиын тағдыры жайлы. Немересін ұзақ күткен Асқардың әкесі, оған басқа әйел алуын талап етеді. Бірақ, махаббатқа әмір жүре ме? 

Асқар ондай опасыздыққа бара алмайды. Жан-жақтан қысым көрген бұл екеуі де депрессияға ұшырап, сүйіктісінің кетіп қалуы ауыр тиген Асқар, массыздықпен, әйелінің көзіне шөп салады. Алайда, көңілдесінен туылған бала бұл екеуін бақытқа кенелте қоймады.

Өмір десе өмір...Өмірде барлық нәрсе болады. Асқар жазықсыздан жазықсыз түрмеге жабылып, үміттің үзілер сәтінде адам сенбес оқиға орын алады. Айжанның аяғы ауырлайды. Көп сөзді айтқанша, сіздерге фильмді көруге кеңес беремін. Қанша дегенмен, отандық фильмге оң бағаларыңызды бергейсіздер! Ал, өз атымнан тілерім, қазақ кино мәртебесі асқақтай берсін!