Саясат
Ұлттық идеология
Бүгінгі қазақ қоғамының алдында тұрған өзекті де маңызды мәселердің бірі - ұлттық идеология. Жалпы ұлттық идеология жайлы сөз қозғалғанда ең алдымен ойға оралатыны кеңестік кезеңде іске асырылған қарымы кең социалистік идеология.
Қазіргі кезде ойымызға келетін ол - бір ұлттың ішінде бір-бірін түсінуден қалған, бірнеше әлеуметтік топтардың пайда болып,қазақтың бір тұтас ұлт ретінде жойылу қаупі. Қазақ халқы сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бастап өзінің ұлттық идеологиясын,ұлттық құндылықты сақтаудың орнына кесірісінше одан әрі ұлтсыздануда.
Ұлтсызданудың не екені туралы "Жас қазақ үні" газетінің бұрынғы бас редакторы Құлтас Достан өзінің "Айқын" газетіне берген сұхбатында: «Ұлтсыздану – ұлтты бір-біріне қарама-қарсы, ымыраға келмейтін жікке қақ бөледі. Өз ұлтының тамырынан ажыраған бейбақтар пиғыл-ниетімен, тілімен, күнделікті өмір тұрмысымен, жүріс-тұрысымен, қылықтарымен оқшауланып, туған ұлтының мәдениетіне, дәстүріне, жатжұрттың, бөтен елдің түсінігімен қарап, көзге шыққан сүйелдей көрінеді» деп өз пікірін білдірген екен.
Менің ойымша ұлттық идеологияның сақталынбай жатуының бір себебі қазіргі дамыған ғасырда көптеген гаджеттер мен технологияларлың пайда болуы. Жастардың бәрі ғаламторда отырып,басқа мемлекеттерді қарап,соларға еліктейді де,өздеріде сондай дүниелерді жасайды. Енді біреуі бұл қазір сәнде десе,енді біреуі елімізге бір жаңа толқын алып келдік дейді.
Бұның бәрі түбінде біздің әлеуметтік жағдайымызға әсер етеді. Бұл өте күрделі мәселе және бұны шешу тек бір адамның қолында емес. Отан отбасынан басталады демекші осының бәрін бесіктен бастап түзеу керек. Аузы қисық болсада байдың баласы сөйлесің демекші қазір тіпті қарапайым жарыстардың өзің сатып алып,тіпті заңды бұзсада соны ақшаның көмегі мен шешеді.
Осының бәрі әлеуметтік теңсіздікке,коррупцияның өркендеуіне,әділдетсіздікке әкеп соғады. Осыдан кейін елімізде қалайша ұлттық құндылық,ұлттық идеология сақталмақ? Бұл белгісіз.. Болашақты өзгерту бүгіннен басталады демекші. Өзгеруді өзімізден бастап,бізден кейінгі ұрпаққа үлгі болайық.