Hi-Tech
Ауаны тазартатын шынайы технология табылған секілді...
Канададағы Carbon Engineering компаниясы біздің ғаламшарымыздың экологиялық болашағына қауіпсіздікті қамтамасыз етпекші.
Гарвард физигі Дэвид Киттің (David Keith) басшылығымен инженерлер командасы тікелей ауадан көмірқышқыл газын жинай алатын өнеркәсіптік қондырғыны құрастыруды жоспарлап отыр.
Бұл "жасыл" бастауға Нью-Йорк Global Thermostat және швейцарлық Climeworks компаниялары көмектеседі. Жоғарыда көрсетілген үш компанияда болашақта СО2-ні жергілікті тұтыну үшін төмен көміртекті отынға айналдыратын технология жасай алатындарына сенімді. Жоба әзірше жетілдіру және зерттеу сатысында тұр. Алайда жоба қазірдің өзінде бірнеше ықпалды инвесторды қызықтырып отыр деп inhabitat.com хабарлайды.
Гарварттік ғалым Дэвид Кит бұл машиналар өз жұмысын мейлінше арзан атқаратынына сенімді. Оның айтуынша көмірқышқыл газдың тоннасын жинау үшін $100 ғана жұмсалады.MIT сарапшылары мұндай технологияның пайда болуы қазіргі таңда климаттық апаттардың алдын алудың жалғыз жолы деп отыр. Себебі бүгінгі күні атмосферамызда артық 1 трлн тонна СО2 бар.