Адам үшін ақпараттың маңыздылығы - на bugin.kz
Ақарман Жақсылыққызы - на bugin.kz Ақарман Жақсылыққызы

Құндылық

Адам пайда болағаннан бастап ақпарат бар. Демек, қоғам үшін ақпараттың маңызы зор. Адамдар ақпарат алмаспай өмір сүре алмайды. 

Ондай жағдайда адам жеке өзі өзге  адамдармен араласып, ақпарат алмаспаса тұлға ретінде, ал ел  өзге елдермен ақпарат алмаспаса, жеке мемлекет ретінде өзін қалыптастыра алмайды. Жәй ғана болып жатқан оқиға жайлы мәліметтерді берудің өзі, ақпарат алмасу, ақпарат беруге жатады. Ақпарттың үлкені маңызды кішісі маңызсыз деп саналмайды. 

Екеуінің де маңыздылығы жоғары. Қазіргі уақытта болып жатқан басты әлем жаңалығы, қауіпті проблемасы коронавирусты мысалыға алсақ: Егер біз короновирустың жұғатыны жайлы ақпарат білмесек жайбырақат жүре беруші ме едік. Бұл індет жайлы әлемде интернет желілерінде болсын, БАҚ құралдарынан болсын жаңалықтарды біліп отырмыз. Қазір еліміздің қай өңірлері аса қауіпты, індет кең көлемде таралғанын осы ақпарат аламасудың арқасында біліп отырмыз. Ақпарат алмасудың арқасында бұл кеселден қалай  сақтану керектігін де білеміз.

Әлемдегі тек індет секілді ғана емес, табиғат апаттар, болмаса ғаламшарда болып жатқан оқиғалар, ғарыш жайлы,  ғарышкерлердің берген мәліметінен, болмаса жақсы жаңалықтардан әлемге әйгілі болған тұлғалар, өнерімен, дауысымен ерекше бағаланған тұлғалар жайлы мәліметтерді біз толық біліп, естіп жүрміз бұның барлығы ақпараттың арқасы.

Ақпаратты тек - журналитика саласынмен ғана шектеу қателік. Ақпараттың ауқымы, мағынасы өте үлкен. Еңбектеген баладан бастап еңкейген қарттарда ақпарат алмасады. Кішкентай  балаға доп алып берсек, доппен ұл балалар ойнайтындығын, тебу керек екендігін айтуымыздың өзі, доп жайлы ақпарат беруіміз болып саналады.

0 Пікір Кіру