Bugin

Бос уақытымызды пайдалы өткізейік

Күнімізді жоспарлай білеміз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Карантин уақытында өзіңізді 180 градусқа өзгерсеңіз болады. Мәселен, мына ұсыныстарға бір көз жүгіртіп шықсаңыз.

1. Тіл үйреніңіз. Қазіргі таңда эсперанто тіл ағылшын тілі болып табылғандықтан, осы тілден бастаңыз. Тіл үйренудегі ең алғашқы қағидат, бұл-ақпаратты естіп меңгеруіміз, сөйлеу жылдамдығыңызға тура пропорционал болып табылатындығында. Сол себептіде ағылшын тілінде қосарлы субтитрымен кино немесе сериал қараңыз;) Мысалы: "Как я встретил вашу маму", "Энн", "Ай-Карли", "Друзья" және т.б. (Бұл аталған сериалдар бастапқы деңгейдегілерге сай келеді) Немесе бөлмеңізде бар заттарға ағылшын тіліндегі атауларын ақ параққа жазып, іліп қойыңыз. Бөлмеңізге кірген сайын қайталап отырсаңыз жатталып қалады.

2. Алғыс дәптерін арнаңыз. Сізбен күнделікті болған жақсы оқиғаларды, яғни алғыс айтуға тұрарлық 5 нәрселерді жазыңыз. Мәселен: "Оянғаным үшін", "Ауа-райының керемет болғаны үшін" және т.б. Бұл не үшін қажет десеңіз, адам баласы негізінен уайымға жиі салынып бар заттарын бағалаудан қалып жатады. Ал, алғыс дәптері кішкентай оқиғаларға да қуантуды үйретеді.

3. Тағам/тәттілер пісіріңіз. Қыз, мейлі ұл баласы болсын тағам дайындауға икемі болуы қажет. Себебі оларды тұтыну әр адамның физиологиясында бар зат. Сондықтан күніне 1 рет болсада ыстық тамақ жасаңыз. Зауқыңыз соғып тұрса, ас мәзіріңізге десерттіде қосыңыз)

4. Комплимент пен рақмет айтуды ұмытпаңыз. Иә, бір қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, алайда адам баласынын жүрегін қатайтатын да, елжірететін де шын жүректен шыққан сөз болып табылады.

5. "Ашусыз бір күн", "Әлеуметтік желісіз бір күн" және т.б. (қиялыңызға байланысты) "марафондарын" өткізіңіз. Қалт кетіп қалмау үшін, қолыңызға ақша буатын резеңкені тағып алыңыз. “Болмайтын” әрекет жасағанда ақырын ғана тартып отырыңыз.