Weekend
Өмір сан түрлі бояуларға толы
Абай атамыз баласы Әбдіраxманды сынау үшін "Ақ түс жақсы ма, жоқ әлде қара түс жақсы ма?" деп сұрапты деседі.
Әбдіраxман "Ақ түс жақсы" дегенде, Абай атамыз оған қарсы шығып: "Қара түс жақсы. Адам баласы қайратты, күшті, қуатты кезінде шашы қара болады. Жас баланың шашы ағарып кетсе, онда әсемдіктен, әдеміліктен белгі де қалмайды. Ақ қағазға да xат қара сиямен түседі. Адам баласы өзі ардақ тұтқан қадірлі затын көзінің қарашығындай сақтайды. Сондықтан қара түс жақсы" деген ыңғайда әңгіме айтса керек.
Сонда Әбдіраxман: "Сіз оны қалай білдіңіз?" деп сұрайды. Абай атамыз: "Мен оны ақылыммен, миыммен, санаммен білдім" дейді. Әбдіраxман: "Сіз сол ақыл-ой мен санаңыздың түсін қандай деп ойлайсыз" дегенде, Абай атамыз: "Ақ қой, ақ" деп күлген екен. Сол секілді ақ пен қара қатар жүретін мына өмір атты жалған дүние де жақсылық пен жамандықтың да болары анық! Ақ түстің əрқашан сәтті де сұлу бола бермейтініндей, қара түс те бақытсыздық пен қаталдықтың белгісі емес екенін естен шығармағанымыз абзал!
Жақсы мен жаман ұғымы да дəл осындай мағынаға ие. Жақсы болып көрінген дүниелер уақыт өте алдамшы көрініп, бізге еш хайыры болмауы мүмкін. Ал, тіптен жаман нәрсенің өзіне тән қасиеті біздің даналығымызды даралауы да ғажап емес. Ал бұл фəни ақ пен қараға,жақсы мен жаманға толы.
Өмірімізде болып жатқан жақсылы, жаманды оқиғаларды тек сәтті болашақтың белгісі деп болжап, соған иманымыздай сене білетін болсақ, келер күннің бізді алдамайтынына кәміл сенімдімін! Аллаһ Тағала басымызға қандай сынақ жазса да, хайырлы болсын деп тіледім.